Жаңалықтар

20.09.2017
БІРЛЕСКЕН ЖОБА ЖАЛҒАСУДА

«Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Хромтау тау-кен техникалық колледжі арасында берік қатынас орнағалы біраз болды. Жастармен жұмыс барысында біріккен жобаларды іске асырып келе жатқан «Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Хромтау тау-кен техникалық колледжі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға жастарды жұмылдыру мен 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесі және үш тілде білім беру саясатын кеңінен қолдау мақсатында біріккен жоспарға сәйкес, Рухани жаңғыру: «Тіл таным» атты ақпараттық-танымдық, пікірсайыстық бағдарламасын жүзеге асырды.
20.09.2017
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ, «НҰР МҮБАРАК» ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ, ТЕОЛОГ ҚАЙРАТ ДӘРМЕНОВ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

«Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Шапағат» ақпараттық-кеңес беру орталығы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Хромтау ауданына РАТТ мүшесі, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистранты, теолог Қайрат Дәрменов арнайы шақыртылып, аудан көлемінде ауқымды жоспарланған іс-шараларға қатысатын болады. РАТТ мүшесі, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистранты, теолог Қайрат Дәрменов Хромтау ауданына арнайы келген жұмыс сапарын №6 Хромтау гимназиясының мәжіліс залында Хромтау қаласындағы мектептерде білім алатын жоғары сынып оқушыларының ата-аналармен кездесуден бастады.
20.09.2017
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

№6 Хромтау гимназиясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» айлығында өткізілген «Ертегілер әлемінде» атты қазақ ертегілер сайысында гимназияның кішкентай бүлдіршіндері 2 «А», 2 «Ә», 2 «Б», 2 «В» сыныптары қойылым көрсетті.
20.09.2017
ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

№6 Хромтау гимназиясының 2012 – 2013 оқу жылының түлегі, 2017 – 2018 оқу жылында өзі тәмәмдаған білім ошағына жас маман болып еңбек жолын бастаған тарих пәнінің мұғалімі Гульнур Казбаева алғашқы еңбек қадамын сәтті бастады.
19.09.2017
АУДАН БАСШЫСЫ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН БІРҚАТАР ШАРУАЛАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Хромтау ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен жиыналыс өтті. Оған аудан әкімі орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен аудан мектептерінің директорлары қатысты. Аталмыш жиналыста «Мектепке жол» Республикалық акциясының орындалу барысы, қала және ауыл әкімдерінің медициналық сақтандыруға қатысты статус тапсыру жұмыстары сияқты ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар пысықталды.
19.09.2017
ХРОМТАУ АУДАНЫНА АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН «БІРІҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ» АҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДІНМҰХАМБЕТ ШАМҒАЛИЕВ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

№6 Хромтау гимназиясының мәжіліс залында Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Сейтмағамбет Шілманов, Хромтау ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген «Біріңғай жинақтаушы зинетақы қоры» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Дінмұхамбет Шамғалиев, Ақтөбе облыстық филиалы операциялық бөлімінің барып-келіп қызмет ететін бөлімінің маманы Нұргүл Айсұлтан, Ақтөбе облыстық филиалы операциялық бөлімінің Хромтау қаласындағы Қызмет көрсету Орталығының бастығы Данагүл Киртаева халықпен кездесіп, өзара ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған өзара әрекеттестік мүмкіндіктерін талқылап, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мен оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша кеңінен түсіндіріп берді.
19.09.2017
АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

2017 жылдың 29 қазанға белгіленген Ақтөбе облысы бойынша шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды өткізуге байланысты ауданда аумақтық сайлау комиссиясы қарқынды жұмыс жүргізуде. Аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының төрағалары және хатшыларымен семинар жиналыстарын өткізіп, округтік сайлау комиссияларының кезекшіліктері бекітіліп, қажетті құжаттармен қамтамасыз етілген. Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауға 1 аумақтық, 4 округтік және 14 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге мәслихат депутаттығына 4 үміткер тіркелген.
19.09.2017
«БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» АТТЫ ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпыреспубликалық жастар акциясының тұжырымдамасы әзірленген болатын.
19.09.2017
ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚОПА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ СЕРҒАЗЫ «АЙЫРЫҚ СҰЛТАНЫ» БАЙҚАУЫНДА І ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ақтөбе қаласында Мұғалжар ауданының күндеріне орай облыстық филармонияда «Айырық сұлтаны» байқауы өтті. Болашаққа нық сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын қазақ жігіттерінің бойына сіңіру, батыл, намысты жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан сайыстың ер жігіттердің бойына ата тегін қадірлеу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды зерделеп жеткізіп, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін аталмыш сайыстың маңызы зор.
19.09.2017
Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.
18.09.2017
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА, "ТАҒЗЫМ" БАҒЫТЫ БОЙЫНША ИГІ ШАРА ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпыреспубликалық жастар акциясының тұжырымдамасы әзірленген болатын. Қоғамдық сананы жаңғырту қағидаларын ілгерілету үдерісіне жастарды белсенді тартуды мақсат тұтқан акция барысында «Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ, "Қаһарман" ҚБ ерікті жастарының қатысуымен "ТАҒЗЫМ" бағыты бойынша Дөң ауылдық округінде орналасқан бұлақ суының аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізілді.
18.09.2017
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА, "АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!" ЖОБАСЫНА САЙ ШАРА ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпыреспубликалық жастар акциясы аясында «Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ және «Қаһарман» ҚБ ерікті жастарының атсалысуымен «АСАР» бағыты бойынша Хромтау қаласының тұрғыны Ұлы Отан Соғысының ардагері Степан Третьяктың ауласы мен үй жанындағы суағар арығын қоқыстан, арам шөптен тазалау жұмыстарын жүргізді.
18.09.2017
«ШАПАҒАТ» АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХРОМТАУ АУДАНЫ КӨЛЕМІНДЕ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ӨТТІ

«Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Шапағат» ақпараттық-кеңес беру орталығы» ҚБ арқылы арнайы шақыртылған Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы, теолог Индира Елубаева қыркүйек айының 14-16 аралығында аудан көлеміндегі дін жолындағы әйел жамағаттармен кездесулер өткізіп, діни саладағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық кеңес берді.
14.09.2017
ҚҰДЫҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АҚПАРАТТЫҚ -ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Хромтау ауданына арнайы жұмыс сапарымен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы, теолог Индира Елубаева келді.
14.09.2017
2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді. Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті

2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді. Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады.

Беттер