Жаңалықтар

10.05.2017
АУДАН ӘКІМІ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАП КӨРДІ

Күн жылынып, жердің тоңы жібіді. Қазір несібесін жерден көретін шаруалар жылдағы тіршілік қамына кірісіп кетті. Көктемгі дала жұмыстарын барынша қарқынмен жүргізуде. Шаруалардың мол өнімге қол жеткізуі үшін жұмыс қарқынды жүруі керек. Жасалып жатқан жұмыстары сапалы болса, төккен тердің еш кетпегені. Аудан басшысы Аманғали Бердалин Тассай, Табантал, Ақжар, Абай ауылдық округтеріне барып, көктемгі дала жұмыстарын өз көзімен көрді. Егіс алқаптарын аралаған аудан әкімі, шаруалардың техникалары мен тұқымдарының жеткілікті мөлшерде екендігіне назар аударып, тұқым сапасы мен жер ылғалын тексерді. Сондай-ақ, суармалы жерлерді арттыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Шаруалармен кездесу барысында аудан әкімі Аманғали Бердалин Ақтөбе облысы шаруаларға ең арзан жеңілдетілген жанар-жағармай беріп жатқандығын жеткізіп, үкіметтің шешіміне сәйкес тыңайтқыштардың 50 пайызы және элиталық тұқымға субсидия берілетіндігін тілге тиек етіп, шаруаларға жасалып жатқан жеңілдіктердің барлығы мемлекеттің беріп жатқан жәрдемі екендігін айтып, егіннің бітік шығуын тіледі.
- Ауыл шаруашылық құрылымдарының барлығы мемлекет назарында. «Ақжар-Агро» ЖШС-і, «Жантізер» шаруа қожалығы, «Алтын Дән и К» ЖШС-і бір-бірден себу комплексін жаңадан әкеліп жатыр. Егіс алқаптарында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың егіс көлемін ұлғайтуға берген тапсырмасының орындалып жатқандығы деп білемін, - деген аудан әкімі Аманғали Бердалин шаруаларға егіс егіп болғаннан кейін, жерді парға айдауға крісуді тапсырды.
10.05.2017
ЖШС «ГРК Койтас» «(ҚОӘБ) табиғатты қорғау iс-шаралары жөнiндегі» «Ақтөбе облысында орналасқан, Ширпакаин никель-кобальттік кен орнының консервациясы» жобасының құрамымен 57 бапының орындау мақсатымен Экологиялық кодексі бойынша сауалнама түрінде қоғамдық

ЖШС «ГРК Койтас» «(ҚОӘБ) табиғатты қорғау iс-шаралары жөнiндегі»» «Ақтөбе облысында орналасқан, Ширпакаин никель-кобальттік кен орнының консервациясы» жобасының құрамымен 57 бапының орындау мақсатымен Экологиялық кодексі бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты тұлға: ЖШС «АНТАЛ», Алматы қ, Бұқар Жырау даңғылы 33, тел.: 8(727) 3763342 (вн.115), akhmetova@antal.kz
Тапсырыс беруші - ЖШС «ГРК Койтас», Ақтөбе қ., Жанқожа батыр 28, 410 кабинет, БИН 010 440 000 302, тел.: 8 (7132) 595345
Құжаттама әзірлеуші – ЖШС «АНТАЛ», Алматы қ., Бұқар Жырау даңғылы 33 к., БИН 920940000013, тел.: 8(727) 3763342
Жоба бойынша құжаттар және мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауалнама парағы - http://aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар Алматы қ., Бұқар Жырау даңғылы 33 бойынша қабылданады. Анықтама тел.: 8(727) 3763342, ilyas_tpu_11@mail.ru, PRubtsov@kazzinc.com, akhmetova.antal@gmail.com.
10.05.2017
ЖШС «ГРК Койтас» «(ҚОӘБ) табиғатты қорғау iс-шаралары жөнiндегі» «Ақтөбе облысында орналасқан, Ново-Карагачтинское никель-кобальттік кен орнының консервациясы» жобасының құрамымен 57 бапының орындау мақсатымен Экологиялық кодексі бойынша сауалнама түрінд

ЖШС «ГРК Койтас» «(ҚОӘБ) табиғатты қорғау iс-шаралары жөнiндегі»» «Ақтөбе облысында орналасқан, Ново-Карагачтинское никель-кобальттік кен орнының консервациясы» жобасының құрамымен 57 бапының орындау мақсатымен Экологиялық кодексі бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты тұлға: ЖШС «АНТАЛ», Алматы қ, Бұқар Жырау даңғылы 33, тел.: 8(727) 3763342 (вн.115), akhmetova@antal.kz
Тапсырыс беруші - ЖШС «ГРК Койтас», Ақтөбе қ., Жанқожа батыр 28, 410 кабинет, БИН 010 440 000 302, тел.: 8 (7132) 595345
Құжаттама әзірлеуші – ЖШС «АНТАЛ», Алматы қ., Бұқар Жырау даңғылы 33 к., БИН 920940000013, тел.: 8(727) 3763342
Жоба бойынша құжаттар және мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауалнама парағы - http://aktobe.gov.kz/ru сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар Алматы қ., Бұқар Жырау даңғылы 33 бойынша қабылданады. Анықтама тел.: 8(727) 3763342, ilyas_tpu_11@mail.ru, PRubtsov@kazzinc.com, akhmetova.antal@gmail.com.
10.05.2017
9 МАМЫР ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Хромтау қаласында Жеңіс даңғылы бойындағы «Отан – Ана» монументі алдындағы алаңда 9-мамыр күні Ұлы Жеңіс Күніне арналған шара өтті. Шараға ауданның Ұлы Отан соғысы ардагерлері қатысты. Аудан әкімі Аманғали Бердалин жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара Ұлы Отан соғысының құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан кейін «Отан – Ана» монументіне гүл шоқтары қойылып, әскерей автокөлікпен және әскери жүріспен шеру өтті. Шеруге ауданның әскери қызметкерлері, алғашқы әсекри дайындық пәнінің мұғалімдері мен мектептің әскери-патриоттық үйірме мүшелері атсалысты. Сонымен қатар, шара Хромтау қаласының орталық саябағындағы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Орталық саябаққа әскери лагер тігіліп, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ауданның белгілі өнерпаздары өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан хромтаулықтар жеңіс күнін зор қуанышпен, керемет мерекелік көңіл-күймен атап өтті.
09.05.2017
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Хромтау қаласының тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Степан Третьяк пен Василий Грецкийге 9 мамыр Жеңіс Күніне орай Қазақстан Республикасының премьер министірі Бақытжан Сағынтаев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жолдаған құттықтау хаттарын аудан басшысы Аманғали Бердалин мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Ерманов және Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин арнайы барып табыстап, сұм соғыстың куәгерлері Степан Третьяк пен Василий Грецкийді мерекемен құттықтап, теледидар мен азық-түлік салынған себет сыйлады. Бүгінде тоқсанның екеуін бағындырған ардагерлер алғыстарын білдіріп, еліне тыныштық пен бейбітшілік тіледі.
09.05.2017
КӨКТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРАТЫН ВАСИЛИЙ ЧЕРНЫШОВТЫ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Көктау ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері Василий Чернышовке Қазақстан Республикасының премьер министрі Бақытжан Сағынтаев пен Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтау хатын аудан əкімі Аманғали Бердалин мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Ерманов арнайы барып мерекемен құттықтап, табыстады. Сұрапыл соғыстың ардагеріне мереке қарсаңында теледидар мен азық- түлік салынған себет сыйлады. Қазір 90 жасты бағындырған зұлмат заманның куəгері Василий Чернышов:
- Елеп-екшеп жатқан елімізге, Елбасына жəне премьер министрі мен өңір басшысына көп - көп рахмет! Осы аманатты жеткізіп, арнайы келген ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аудан əкімінеде ризамын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, - деді.
08.05.2017
АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА СТАНЦИЯ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан басшысы Аманғали Бердалин мен Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин Жаңа станция ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Жаңа станция ықшам ауданының тұрғындары кейбір үйлерде газ қысымы төмен, кешкі уақытта электр жарығының қуаты аз, көше шамдарын түнгі уақытта қоспайды, екі қабатты үйдің ауласына балалар ойнайтын алаң мен жастарға спорт алаңы болса, бос уақыттарын тиімді өткізер еді. Мектепке қатынайтын автобустардың жүру уақыты әр түрлі. Кенжалин көшесіне төселген тас жол аяқталса, Алтынсарин көшесіне жаяу жүргінші белгісін орнату керек деп бірқатар мәселелерді көтерген тұрғындар сауалдарына аудан әкімі Аманғали Бердалин жауап берді. Жаңа станция ықшам ауданының тұрғындармен кездесуден соң, аудан басшысы Аманғали Бердалин үлкен футбол алаңын салатын жерді белгілеп, сметалық құжаттарын тезінен дайындауды қала әкімі Асқар Нұртазинге тапсырды.
08.05.2017
АУДАН БАСШЫСЫ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН ҚЫСТАН ШЫҚҚАН ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ЖАЙЫН ӨЗ КӨЗІМЕН КӨРДІ

8 – мамыр күні жұмыс сапарын Абай ауылдық округіне арнаған аудан әкімі Аманғали Бердалин Абайға қарасты мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарды аралап, шаруалардың қал-жағдайы мен қыстан шыққан төрт түліктің жай-күйін өз көзімен көрді. «Жантізер» шаруа қожалығында жұмыс жасап, теориялық білімдерін тәжірбиемен ұштастырып жүрген Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжінің 2-курс білім алушылары Бауыржан Мысайев пен Ержан Жақсымұратовқа шаруа жайынан мол мағұлмат беріп, атқарып жатқан жұмыстарына дұрыс бағыт көрсетті. Сонымен қатар, аудан әкімі Аманғали Бердалин жоспарға сәйкес асыл тұқымды мал ұстайтын шаруашылықтардың санын көбейту тапсырмасының орындалу барысын тексеріп, «Жантізер» шаруа қожалығындағы 85 бас қазақтың ақбасты асыл тұқымды қашарларын көрді. Қазіргі таңда ауданда ірі шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал санын көбейтіп келеді. Асыл тұқымды мал ұстайтын шаруалардың санының артуы асыл тұқымды мал алу үшін көршілес облыстарды араламай-ақ, ірі аудандық шаруашылықтардан алуға болады. Бұл жол шығыны мен мал ауруларын азайтуға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ, «Жантізер» шаруа қожалығының бір мезетте 2 000 бас малды бордақылауға арналған алаңын қараған аудан басшысы Аманғали Бердалин «Жантізер» шаруа қожалығының құрылтайшысы Бақытжан Ержановпен суармалы жерді бордақылаудағы мал азығын дайындауға тиімді пайдалану жолдарын кеңесті.
07.05.2017
Нұротандықтармен «Жалынды велошабандоз» сайысы.

“Керуен” ЖШС Бастауыш партия ұйымының “Нұр Отан” партиясы Хромтау аудандық филиалы жанындағы №6 “Ақкөгершін” бөбекжай-балабақшасы партиялық тобының мүшелер арасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты дене шынықтыру нұсқаушысы Умурзакова Г.Н ұйымдастыруымен “Жалынды велошабандоз” атты сайыс өтті.
Жастарды спортқа деген қызығушылығын арттыру,қимыл-қозғалыстарын жетілдіру,ептілік,шапшаңдылық қасиеттерін байқау және жастардың уақытын тиімді ұйымдастыруға атсалысу.Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге,ұйымшылдыққа баулып,салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. “Спорт денсаулық кепілі” дегендей,бұл өткізілген сайыс барлығының көңілдерінен шығып,алғыстарын жаудырды және алдағы уақытта мұндай сайыстардың көп болуына ұсыныс берілді.
07.05.2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Хромтау қаласының орталық саябағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараға жиналғандарды аудан әкімі Аманғали Бердалин мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Аудандық мәдениет үйі концерттік бағдарлама ұсынса, аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері сап түзеп, шеруге шықты. Аталмыш мереке қарсаңында аудан әкімі Аманғали Бердалин бірқатар азаматтардың кеуделеріне салтанатты түрде төс белгі тағып, арнайы құттықтады.
07.05.2017
7 – МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБІГІНЕ ЖАРЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай Хромтау ауданы көлемінде 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған шағын футболдан аудан әкімінің кубігіне жарыс өз мәресіне жетті. Жарыста барлығы 8 команда бақ сынасты. Ақтөбе қаласынан «Қоржын» командасы және Тасөткел, Дөң ауылдық округ командалары қатысты. 5-мамырда өткен бірінші аймақтық ойында жеңіске жеткен 4 команда 6-мамыр күні өзара І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды бөлісу үшін сынға түсті. Аудан әкімі Аманғали Бердалин ойынды өзі тамашалап, жеңімпаздарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, марапаттады. І жүлделі орынды «Әли-Жас и К» иемденсе, ІІ орынды Ақтөбе қаласынан келген «Қоржын» командасы еншіледі. Ал «Восход-oriel» жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
06.05.2017
7 – МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБІГІНЕ ЖАРЫС ӨТУДЕ

Хромтау ауданы көлемінде 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне орай шағын футболдан аудан әкімінің кубігіне жарыс өтуде. Жарыста барлығы 8 команда бақ сынасады. Ақтөбе қаласынан 1 команда келсе қалған 7 команда Хромтау ауданынан қатысуда.
05.05.2017
ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ – ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ «ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Хромтау аудандық тарихи – өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыптық көрмесі өтуде. Тақырыптық көрмеге Хромтау ауданының соғыс ардагерлерінің суреттері, орден, медальдары, Ұлы Отан соғысына қатысты кітаптар мен басылымдарда жарияланған ақпараттар, соғыс алаңынан әкелінген қару-жарақтар мен сол кезеңде тұтынған тұрмыстық бұйымдар қойылған.
05.05.2017
ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА "ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ" АТТЫ ЕКІ ҰРПАҚТЫҢ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін аудандық кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Жеңіс күніне орай аудандық кітапхана ғимаратында Ұлы Отан соғысы кезінде тылда бел жазбай еңбек еткен ардагерлермен және Ауған соғысының ардагерлерімен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты екі ұрпақтың кездесу кеші өтті.
05.05.2017
№ 7 «ЕРКЕТАЙ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНДА «ӘКЕ-АСҚАР ТАУ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТКІЗІЛДІ.

№ 7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасында Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында «Әке – асқар тау» тақырыбында әкеге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты – Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру, жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, әкелердің балабақша өміріне араласу белсенділіктерін арттыру.

Беттер