Жаңалықтар

26.10.2017
ӨҢІР БАСШЫСЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ХРОМТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫНДА АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

Ауданға жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Ақжар ауылдық округінде болып, халықпен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысымен бірге келген құқық қорғау орган басшылары халық көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ақжарлықтарға құрылыс саласында жасалып жатқан жұмыстар хақында айтып, «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларын тілге тиек етіп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
26.10.2017
АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ХРОМТАУ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫНДА ТАБАНТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АТ БАСЫН ТЕІРЕДІ

Хромтау ауданына жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Табантал ауылдық округіне ат басын тіреді. Табантал ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл мектебінің жағдайымен танысты. Халықпен кездесуге облыстың құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, табанталдықтардың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Ауыл мектебін аралаған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мектеп директорына бірқатар сын ескертпелер жасады.
26.10.2017
«ТІЛ – ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ЖАС ЖАЗБА АҚЫНДАРДЫҢ ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

№5 Хромтау гимназиясының мәжіліс залында аталмыш білім ордасының басшысы Рустам Биржановтың қолдауымен гимназияның «Поэзия» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты аудандық жас жазба ақындардың жыр мүшайрасы өтті. Байқауда ІІ кезең бойынша 5 – 8 және 9 – 11 сыныптар бақ сынасты. Тәуелсіздік тарихын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық рухын асқақтату, патриоттық сезімін оятуды мақсат тұтқан «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты аудандық жас жазба ақындардың жыр мүшайрасының жеңімпаздары әділқазы алқаларының шешімімен анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды
26.10.2017
«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫНЫҢ V БАҒЫТЫ «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ» ЖӘНЕ «ТЕРАКТІЛЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚ» БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КӨКТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУДАНДАҒЫ ЖҰМСТАРЫ ЖАЛҒАСТЫ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының V бағыты «Құқық қорғау шаралары» және «Терактілерге дайындық» бойынша облыстық жұмыс тобы аудан әкімінің орынбасары Сейтмағамбет Шілманов және аудан әкімдігі аппаратының терроризм мен экстремизмге қарсы жұмыстарын үйлестіру бойынша бас маманы Мұқағали Сармановтың қатысуымен Көктау ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындары және «Нұрлы көш» орта мектебінің 9 – 10 – 11 сынып оқушыларымен кездесті . Кездесуде ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына террористік акт кезінде қалай әрекет ету керектігі кеңінен түсіндіріліп, құқық қорғау шаралары туралы айтылды.
26.10.2017
ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС КІТАП КӨРМЕЛЕРІ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аудандық кітапханада кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, тәжірбие алмасуын, кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында «Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы ІІ кезең бойынша қазан айының 12 және 17 күндері өткен болатын. Аталмыш шараға 17 ауылдық, 1 аудандық кітапхана қатысқан болатын. Шара барысында кітапханашылар өздерінің жаңа тәсілдерді қолдана отырып даярлаған дәстүрлі емес кітап көрмелерімен таныстырды.
25.10.2017
«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫНЫҢ V БАҒЫТЫ «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ» ЖӘНЕ «ТЕРАКТІЛЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚ» БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ САРЫСАЙ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының V бағыты «Құқық қорғау шаралары» және «Терактілерге дайындық» бойынша Сарысай ауылында болған облыстық жұмыс тобы ауыл тұрғындары және 9 – 10 – 11 сынып оқушыларымен кездесті . Кездесуде ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына террористік акт кезінде қалай әрекет ету керектігі кеңінен түсіндіріліп, құқық қорғау шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ, бейнеролик көрсетіліп, халық көп жиналатын орындарда, оның ішінде көшелерде тұрғындарға террористік акт қаупі төнгендегі әрекеттерін түсіндіретін ақпараттық жадынамалар таратылды.
25.10.2017
«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫНЫҢ V БАҒЫТЫ «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ» ЖӘНЕ «ТЕРАКТІЛЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚ» БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАДА ЖАЛҒАСТЫ

Хромтау аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында осы дүйсенбіде «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының V бағыты «Құқық қорғау шаралары» және «Терактілерге дайындық» бойынша Ішкі істер Департаменті қызметкерлері өз жұмыстарын аудандық ауруханада жалғастырды. Шара барысында аудандық аурухана қызметкерлеріне террористік акт кезінде қалай әрекет ету керектігі кеңінен түсіндіріліп, құқық қорғау шаралары туралы айтылды.
25.10.2017
«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫНЫҢ V БАҒЫТЫ «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ» ЖӘНЕ «ТЕРАКТІЛЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚ» БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Хромтау ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында осы дүйсенбіде аудан басшысы Аманғали Бердалиннің қатысуымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының V бағыты «Құқық қорғау шаралары» және «Терактілерге дайындық» бойынша Ішкі істер Департаменті қызметкерлері өз жұмыстарын аудандық бөлім басшылары, мекеме қызметкерлерімен кездесуден бастады. Шара барысында құқық қорғау шаралары туралы айтылып, терроризм актісі туындаған жағдайда іс-әрекеттер туралы кеңінен түсіндірілді.
24.10.2017
ХРОМТАУ АУДАНЫНДА «ЕРКЕЛЕЙ АҚҚАН ОР ӨЗЕНІ» АТТЫ Х ОБЛЫСТЫҚ ЭСТРАДАЛЫҚ – РЕТРО ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

№6 Хромтау гимназиясының мәжіліс залында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ эстрадасында ерекше қолтаңбасы бар белгілі компазиторлар Ә.Бейсеуов, Б.Байқадамов, артында өшпес әуез ән қалдырған Н.Тілендиев, Т.Базарбаев, С.Байтереков, К. Дүйсекеев сынды сазгерлерді жаңаша бір қырынан таныту мақсатында «Еркелей аққан Ор өзені» атты X облыстық эстрадалық – ретро ән байқауы өтті. Байқау ережесі бойынша әр талапкер жоғарыда көрсетілген компазиторлардың екі шығармасын орындау тиіс болды. Шығарманың екіншісі «акапелла» түрінде орындалды. Аталмыш байқауға: Ақтөбе облысынан, Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандарынан өнерпаздар қатысты.
23.10.2017
ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпенбірге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі. Инновациялық тәсілдер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесімен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттік басқару секторына енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
23.10.2017
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Хромтау аудандық ауылшаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен Хромтау тау-кен техникалық колледжінің мәжіліс залында үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлерін марапаттау рәсімі мен "Ауылшаруашылық күні" кəсіби мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жүрген аудан тұрғындарын аудан басшысы Аманғали Бердалин меркелерімен құттықтап, жүрек жарды жылы лебізін білдіріп, кəсіптеріне табыс тіледі.Аталмыш салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға аудан əкімі Аманғали Бердалин алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Мəселен, "Үздік ауыл шаруашылығы - 2017" номинациясымен "Ақжар-Агро" ЖШС-нің директоры Қайрат Тулепбергенов,
23.10.2017
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖƏРМЕҢКЕ ӨТТІ

Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Хромтау тау-кен техникалық колледжі ғимаратының аумағында "Ауылшаруашылық күніне" арналған ауылшаруашылық жəрмеңкесі өтті. Аталмыш жəрмеңкеге ауданның 14 ауылдық округі мен Хромтау қаласының шаруалары аудан тұрғындарына ауылшаруашылық өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды. Мəселен, жылқы етінің 1кг 1400 теңге болса, сиыр етінің 1кг 1200 теңгеден ұсынылды. Ал қой етінің 1кг 1000 теңгеден, шошқа етінің 1кг 1100 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, 1л сүт пен 1л айран 150 теңгеден сатылса, 1кг тары мен 1кг талқанның бағасы 200 теңгені құрады.
20.10.2017
“ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ” ЖОБАСЫНЫҢ ІV БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ АУДАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Аудандағы жұмыс сапарында облыстық жұмыс тобы "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасының IV бағыты "Ақпараттық жұмыс" бойынша Қызылсу ауылдық округінде болып, "Базалть-А" ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын кеңінен түсіндіріп, талдап, əлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде баса айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы Роман Рахиев əлеуметтік медициналық сақтандырудың халық үшін мəні мен маңызын қарапайым тілмен жұмысшұларға түсіндіріп берсе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуақ Дəрменұлы жастардың білім алуына жасалған озық жобаларды тілге тиек етті.
20.10.2017
“ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ” ЖОБАСЫНЫҢ ІV БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ АУДАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Аудандағы жұмыс сапарында облыстық жұмыс тобы "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасының IV бағыты "Ақпараттық жұмыс" бойынша Қызылсу ауылдық округінде болып, "Базалть-А" ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын кеңінен түсіндіріп, талдап, əлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде баса айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы Роман Рахиев əлеуметтік медициналық сақтандырудың халық үшін мəні мен маңызын қарапайым тілмен жұмысшұларға түсіндіріп берсе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуақ Дəрменұлы жастардың білім алуына жасалған озық жобаларды тілге тиек етті.
19.10.2017
“ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ” ЖОБАСЫНЫҢ ІV БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ АУДАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ АҚҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Аудандағы жұмыс сапарында облыстық жұмыс тобы "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасының IV бағыты "Ақпараттық жұмыс" бойынша Аққұдық ауылдық округінде болып, халықпен кездесті. Кездесу барысында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын кеңінен түсіндіріп, талдап, медициналық сақтандыру жөнінде баса айтты. Сондай-ақ, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы Роман Рахиев əлеуметтік медициналық сақтандырудың халық үшін мəні мен маңызын қарапайым тілмен ауыл тұрғындарына түсіндіріп берді. Жұмысшылармен еркін сұхбат құрған облыстық жұмыс тобы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Беттер