Жаңалықтар

27.04.2017
ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ

Ақжар ауылдық мәдениет үйінің үйірме жұмыстарының «Өнерліге өріс кең» атты концерті өтті. Аудандық мәдениет үйінің әдіскерлік бөлімінің меңгерушісі Жанар Қазбаеваның құттықтау сөзімен ашылған шарада поэзия оқылып, күй тартылып, терме мен әсем әндер орындалып, ауылдың талантты өнерпаздары «Алдараспан» театрының әзілдерін сахналап, көрермендерге күлкі сыйлады. Қазіргі таңда Ақжар ауылдық мәдениет үйінде 5 үйірме жұмыс жасайды.
26.04.2017
ТАСӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 50 ТҮП ЖЕМІС КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Тасөткел ауылдық округінің әкімшілік, медпункт, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері және ауыл үшін еңбек етіп жүрген азаматтары мен азаматшалары жұмыла жұмыс жасап, ауылдың гүлденуі үшін үлес қосып, алма, алмұрт, қара өрік жемістерінің 50 түп көшетін екті. Ауыл тұрғындары игілікті істің алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін беретініне сенімді.
26.04.2017
«Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы

Қазіргі кезде біздің қоғамда өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылықтың не екендігін білетіндердің саны аз. Кейбір адамдар, басынан қиын жағдайды өткеріп жатқан танысын, кез-келген адамды көрсе де көмек беруден аянып қалады немесе мүлде бұл жағдайға немқұрайлылықпен қарайды. Ол адамдарға назар аудармайды. Ондай адамдар саны басым, бірақ барлық адам бірдей емес.
25.04.2017
«Мейірімді жүрек» атты акциясы

Ақтөбе облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2016 -2020 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы және Кешенді жоспардың 3-тармағын орындау мақсатында 03.04.2017 жылғы №364 бұйрығы бойынша «Мейірімді жүрек» атты акция өткізілді.
24.04.2017
ТАСӨТКЕЛ МЕН АҚТАСТЫ АУЫЛДАРЫНЫҢ 1984 ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН АЗАМАТТАРЫ ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Тасөткел мен Ақтасты ауылдарының 1984 жылы туылған азаматтары сенбі күні тәттілер алып, Хромтау аудандық Отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлап, көңілдерін көтерді. Домбыра және гитара аспаптарымен өлең айтып, балаларғада аспаптарда ойнауды үйретіп, шахмат, теннис сияқты спорттық ойындар ойнады. Балаларда қарап қалмай өз өнерлерін ортаға салды.
24.04.2017
ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДА «БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігі үшінші жыл қатарынан «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясын қарқынды жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың сәуір айының үшінші сенбісі, яғни 22-сәуір күніне белгіленген «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы Хромтау қаласында да өтті. Аудан әкімінің орынбасары Асқар Есжановтың бақылауымен Хромтау қаласы көлемінде жоспарланған 3000 жас ағаштың акция қарсаңында 1 500 түп көшеті егілді.
21.04.2017
«НАРТАЙ – 2» ЖӘНЕ «АБАЙ – 2017» КООПЕРАТИВТЕРІ

Ақжар ауылдық округінде «Нартай-2» аталатын кооператив өз жұмысын тиянақты жүргізіп келеді. Шаруашылық жөнінде «Нартай-2» кооперативінің төрағасы Задыгерей Оразов: - Қазіргі таңда ілгері дамып келе жатырмыз. Кооперативтің құрамында 20 адамнан тұратын мүшелері бар. Етті бағытта жұмыс жасап жатырмыз. «Нартай-2» кооперативінде қазыргі таңда 120 бас сиыр өсірудеміз.
21.04.2017
№ 7 «ЕРКЕТАЙ» БӨБЕКЖАЙ – БАЛАБАҚШАСЫНДА «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «ӘРБІР БАЛА – БІР ЖҰЛДЫЗ, ЖАРҚЫРАУЫНА КӨМЕКТЕС» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

№ 7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасында «Мейірімді жүрек» акциясы аясында инклюзивті оқытуға арналған «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес» апталығы өтті. Балабақша педагогтері мен ата-аналар арасында инклюзивті білім беру туралы мәлімет беріп, сауаттылықтарын көтеріп, инклюзивті оқытуға жататын балаларға қолдау көрсетіп, көмек беріп, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылды.
20.04.2017
ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Сәрсенбінің сәтінде Хромтау қаласы көлемінде үлкен сенбілік жұмысы жүргізілді. Барлық мекемелер мен еріктілер қала тазалығына айрықша мән беріп, қала көшелерін көктемгі қоқыстан тазалады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таба берері сөзсіз. Мәселен, Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымы жалпы қалалық сенбілікте ұжымға бекітілген Асанов көшесінің қоқысын жинап, шамамен 40-50 қапшық қоқыс шығарып, аталмыш көшенің тұрғындарымен сөйлесіп, сенбілікке тартуға тырысты.
20.04.2017
Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақанықтама алуға болады

Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.
20.04.2017
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Қаһарман» қоғамдық бірлестігі су тасқынынан зардап шеккен жандарға қол ұшын беру мақсатында «Жақсылық жасай білейік» акциясын ұйымдастыруда. Сейсенбі күні жеке кәсіпкерлер, тұрғындар мен ерікті топтар және ауыл жастарының атсалысуымен жинақталған азық – түлік пен киім-кешек және тұрмыстық заттар Ақтөбе қаласына жіберілді. Бұл акция әлі жалғасуда.
19.04.2017
БӨГЕТСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ НАУРЫЗ ТОЙЫ ӨТТІ

Бөгетсай ауылдық округінде өткен жексенбіде ауыл жастарының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Бөгетсайлықтар Наурыз тойын дүбірлі өтуі үшін 1 544 235 теңге қаражат жұмсады. Таңдай қаққызар тамаша тойда Аламан бәйге, тай, құнан жарыстары өткізіліп, қамбар ата төлі даланы дүбірлетсе, «Жаяу жарыс» мерекені қыздыра түсті. Сонымен қатар, Түйі палуандар белдесіп, бұқа палуандар бақ сынасты.
19.04.2017
ПРАВОСЛАВИЕЛІК ХРИСТИАНДАРДЫ ДӘСТҮРЛІ ПАСХА МЕРЕКЕСІМЕН АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АСҚАР ЕСЖАНОВ ЖӘНЕ ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АСҚАР НҰРТАЗИН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өткен сенбіден жексенбіге қараған түні аудан орталығындағы әулие Серафим Саровский шіркеуінде аудан әкімінің орынбасары Асқар Есжанов пен Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин православиеліқ христиандарды дәстүрлі Пасха мерекесімен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары Асқар Есжанов құттықтау сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан азаматтар үшін ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңыздылығын баса айтты.
19.04.2017
«ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ «ЖАСЫЛ ЕЛ» СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ХІІІ ЖАЗҒЫ ЕҢБЕК МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Сәуір айының 14-і күні Ойыл ауданының орталығында Облыстық жастар саясаты басқармасы, «Жасыл Ел» Ақтөбе облыстық штабы және Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХІІІ жазғы еңбек маусымының ашылу салтанатына Хромтау ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қатысып, аудан атынан атаулы ағаш отырғызып, облыстық шараға үлес қосты
19.04.2017
АҚЖАР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ӨТКІЗГЕН «ӘН МЕН ӘЗІЛ» КЕШІ

Сәір айының 13 күні Ақжар ауылдық округінің Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауыл өнерпаздары «Ән мен Әзіл» кешін Жазық елді мекенінде өткізді. Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыруды мақсат тұтқан ауыл өнерпаздары кеште халық назарына бір ән, бір әзілден ұсынып, жиылған жұртты күлкіге бөледі. Көрермендер көңілінен шыққан әзілдер «Алдараспан», «Шаншар» «Екі Езу» тиатрларынан алынды.

Беттер