Жаңалықтар

08.03.2017
«АСЫЛ АНАШЫМ!»

8 – наурыз аналар мерекесі қарсаңында МКҚК №8 «Тұлпар» балабақшасында «Асыл анашым!» атты ертеңгілік өтті. Балабақша тәрбиеленушілері қымбатты әжелерін, аяулы аналарын, балабақша ұжымын бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, өлең жолдарын, әндерін, билерін , тақпақтарын тарту етті. Ортаңғы топтардың ұл балалары «Джентельмен», «Теңізшілер» билерін орындаса,
07.03.2017
МҰНДАЙ ШАРА БҰРЫН БОЛҒАН ЖОҚ

Батыр ана Сырға Байтөрина 11 баланың анасы. Өкінішке орай өмір соқпағында 2 баласынан айрылған ана, 9 баласының амандығына Аллаға шүкірлік етеді. Қазірде 16 немере, 17 шөберенің әжесі. Бүгінгі мерекелік шара жөнінде былай деді:
07.03.2017
АНАЛАР МЕРЕКЕСІ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ТОЙЛАНУДА

Бүгін Кеншілер мәдениет үйінде «Аналар асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Кешке келген барша әйелдер қауымын аудан әкімі А.Бердалин мерекелерімен құттықтады. Батыр ана, Алтын, Күміс алқаларды, Ана даңқы орденін иемденген 223 анаға мерекелік сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, 50 ананың сыйлықтарын үйлеріне арнайы апарып тартылатын болды.Әсем де әдемі кеш соңы «Қазақстан» мейрамханасында аналарға арнап жайылған дастарханға ұласты.
07.03.2017
«ҚЫЗ – ҚЫЛЫҒЫМЕН КӨРКЕМ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, МКҚК №8 «Тұлпар» МДҰ кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арнап, Мектепке дейінгі ұйымның педагогтарымен, қызметкерлер арасында «Қыз –қылығымен көркем» атты сайыс өткізілді.
07.03.2017
Балабақшадағы көктемгі безендірулер

Табиғаттың көктемгі құбылыстарын насихаттауға байланысты №6 «Ақкөгершін» МДҰ-да топтарды көктем мезгіліне безендіру жұмыстары жүргізілді. Жаңа бір өзгеріс,жаңа бығыт, әдемі безендірулер балалардың көңіл күйін көтереді,
07.03.2017
ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, «АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ ОҚЫРМАН АНАЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

Көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуді, анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімді арттырып, оқырмандарды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан «Ана – тіршіліктің тірегі» атты оқырман аналар арасында, Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен сайыс өтті.
06.03.2017
МҚКК №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Менің анам керемет жан » атты ертеңгілік өтті

Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы көбіне балабақшадан басталады. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Еліміздің ертеңгі болашағының негізін қалайды. Әрбір бала аналар мерекесіне арнап, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсететті. Бүлдіршіндердің бал тілімен айтқан тақпақтары аналары үшін шуақты мерекедегі ең керемет сый болды.
06.03.2017
Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту

Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сіз бен біздің зейнетақымыздың жинақтаушы бөлігін құрайды.
06.03.2017
2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан – 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды.
2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды.
06.03.2017
ХРОМТАУ АУДАНЫ ТІЛ ЖАНАШЫРЫ МАРИЯМ ТӨРЕҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Тау – кен техникалық колледжінде өткен жұмада қазақ тілінің дамуы үшін талмай еңбек сіңіріп келе жатқан тіл жанашыры, Қазақ тілі қоғамының төрайымы Мариям Төреғалиқызының 80 жасын аудан әкімі А.Бердалиннің қатысумен атап өтті. Сонымен қатар, кешке облыстық қазақ тілі қоғамынан қонақтар келді.
03.03.2017
«Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» апталығы

Патриоттық сезім жалпы адам баласының елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін тарихи ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап,өзіндік бағасын түйсіну, қуаттап қолдауын пайымдайтын көрсеткіш. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қарапайымдылық, яғни адамгершілік,үлкенді сыйлайтын сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп,
03.03.2017
АУДАН ӘКІМІ А.БЕРДАЛИН БЕЙСЕНБІДЕГІ ІС САПАРЫНДА ҚЫЗЫЛСУ, ҚОПА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ АУМАҒЫНДАҒЫ ШАРУАЛАРДЫҢ ЖАЙЫН БІЛУГЕ БАРДЫ

Аудан басшысы А.Бердалин бейсенбідегі іс сапарын Қызылсу, Қопа ауылдық округтеріндегі шаруалардың жай-күйін білуге, қысқы мал азығының қорын көруге арнайы барды. Шаруа қожалықтарын аралағаннан кейін шаруалардың басын қосып, кездесулер өткізді.
03.03.2017
АЛҒЫС – СӨЗДІҢ АСЫЛЫ

Елбасының Жарлығына сәйкес, елімізде 1-ші наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл мереке елімізде екінші рет тойланып отыр.Аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық мәдениет үйі, және Хромтау аудандық тарихи - өлкетану музейі бірігіп «Алғыс - сөздің асылы» атты мерекелік кеш өткізді.
03.03.2017
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ТАРТЫЛДЫ

Алғыс айту күніне орай Хромтау ауданының отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілеріне, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымды ел» қайырымдылық акциясының аясында, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және Зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
03.03.2017
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МҰХТАР ЖУМАГАЗИЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ХРОМТАУ АУДАНЫНА КЕЛДІ

Өткен сәрсенбі күні, № 6 Хромтау гимназиясының ғимаратында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Жумагазиев, Хромтау ауданының кәсіпкерлерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді.

Беттер