Жаңалықтар

13.11.2017
№ 3 ХРОМТАУ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ СПОРТТЫҚ-МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

«Хромтау жастар ресурстық орталығы» КММ және «Хромтау аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен бірлесіп, Хромтау ауданы Пробация Қызметінің қолдауымен, Пробация Қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен № 3 Хромтау орта мектебінде спорттық-мәдени іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шара ІІ кезеңнен тұрды. І кезең «ДОЙБЫ» деп аталды. Бұл ойынға 16 адам қатысты. Ойын 2 сағатқа созылды.
13.11.2017
«ХРОМТАУ ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ АШЫЛАДЫ

Ауданымызда жылдан жылға спорт саласы қарқынды дамып келеді. Аудан тұрғындарының көптен күткен «ауданда волейбол клубы ашылады» деген үмітті жаңалықтары шыңға айналмақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес «Хромтау аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Хромтау волейбол клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы Хромтау ауданы әкімі Аманғали Бердалиннің қауылысы шықты.
10.11.2017
«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33,37 баптарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 қазандағы №4-18-3/3265 – И «Мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралдарының жағдайын, жүргізушілердің сапалы құрамын зерделеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» хатына сәйкес аудан әкімі Аманғали Бердалиннің өкімімен құрылған жұмыс тобы «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында №6 Хромтау гимназиясының аумағына жиналған мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралдары мен жүргізушілерін тексеруден өткізді.
10.11.2017
№4 ХРОМТАУ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АТАНДЫ

№4 Хромтау орта мектебінің ұстаздары Мансия Нугыманова мен Алтынбек Байманов Республикалық қашықтық олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ орындарды иемденсе, Республикалық кезеңінде аталмыш білім ордасының ұстаздары Рунат Таимова І орынды, Гульнур Курманбаева ІІІ орынды жеңіп алды.
10.11.2017
ҚЫС – 2018

Қыс өз сынағын ала келетіні белгілі. Сондықтан да алдағы кезеңге тыңғылықты дайындық жасау ең алдымен атқарушы билік органдары назарында тұру түсінікті жағдай. Бұл кезеңде жыл сайын аудан көлемінде «Қыс – 2018» оқу-жаттығу өткізіліп, барлық мекемелердің дайындығы пысықталады. Бұл шарада биыл өз жалғасын тапты.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің тікелей нұсқауымен Бейбітшілік көшесінде «Қыс – 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу болып өтті. Шараға аудан әкімі Аманғали Бердалин қатысып, сап түзеген жедел әрекет ету жасақтарының қысқа әзірлігін қарады.
08.11.2017
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

1. Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.
08.11.2017
Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.
08.11.2017
ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

Бөгетсай ауылдық кітапханасында аты аңызға айналған,ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 92 жыл толуына орай жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін оқырмандарға үлгі өнеге ету мақсатында «Отан деп соққан жүрегі» атты тақырыптық кеш өтті. Аталмыш шара Бөгетсай ауылдық мəдениет үйінің директоры Жанаберген Токиннің алғы сөзімен басталды. Кітапханашы Гүлжазира Абдолова оқырмандарға батырдың өмірбаянын үлгі етсе, Бөгетсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Маржан Тоқсанбаева кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы және мұражайлары жайында кеңінен айтты.
06.11.2017
Хромтау ауданында рейдтік іс-шаралар өткізілді

04 қараша 2017 жылғы Хромтау ауданында ТЖБ,№16 ӨСБ қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдарымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар мен аулаларда көп балалы және қолайсыз отбасылардың( бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін), халықтың қауқары аз топтары және соларға жататын тәуекел тобына тексерулер жүргізілді, сондай-ақ "Көк үй" сауда үйі ғимаратында профилактикалық әңгімелесу өткізді, Қауіпсіздік " пештердің тұрғын үйлерде салу", "Улы газ", "Қыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен іс-получнии дауылды ескертулер" аясында жадынамалар таратылды.
06.11.2017
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНІҢ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТУІНЕ ХРОМТАУ АУДАНЫДА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығы күні кең көлемде аталып өтті. Барлық аудандар ауыл шаруашылығы күні кәсіби мерекеге арнап киіз үй тігіп, ас беріп, ауыл шаруашылық көрмесін өткізді. Аталмыш шараға Хромтау ауданы да сүбелі үлес қосты. Хромтау аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның ауыл шаруашылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтар ауданда өндірілетін сүт, ет өнімдерімен қатар көрмеге асыл тұқымды төрт түліктің түрлерін де апарды.
06.11.2017
“2018 ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЕНГІЗУ” ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТТІ

№6 Хромтау гимназиясының мəжіліс залында Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибигуль Бисенгалиева жəне Əлеуметтік көмек көрсету мəселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Гулим Сексенованың қатысуымен “2018 жылдың жаңа форматтағы əлеуметтік көмекті еңгізу” тақырыбы бойынша Хромтау аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен қызметкерлеріне, Хромтау аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры мен мамандарына жəне ауылдық округ əкімдері мен қызметкерлеріне оқыту жүргізілді.
03.11.2017
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының тапсырмасына сəйкес қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша Хромтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесі, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,
03.11.2017
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органның басты функцияларының бірі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқытарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.2013 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің №983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін сәйкес Хромтау «Аудандық білім бөлімі» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 25 түрі жүзеге асырылады.
03.11.2017
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР – ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ

Мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу, қызмет көрсетудiң ашықтығына, сапасына және жеделдiгiне қол жеткiзу сыбайлас жемқорлықтың азаюына, азаматтық белсендiлiктiң артуына жағдай жасайды, бұл өз кезегiнде еліміздің әлеуметтiк және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге оң әсерiн тигiзедi.Ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер ветеринария қызметiнiң барлық деңгейiнде, яғни, аудандық коммуналдық ветеринариялық ұйымдардан бастап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiне дейiнгі деңгейде көрсетіледi. Бұл халықтың барлық тобына, сондай-ақ барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сапалы әрi уақытылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi.
03.11.2017
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АУДАНДЫҚ ХХІ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

№6 Хромтау гимназиясының спорт залында аудандық білім бөлімінің кəсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жалпы білім беру қызметкерлерінің аудандық ХХІ спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың 30%-н бұқаралық спортқа тарту керектігін айтып келеді. Елбасының бұл тапсырмасы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін қолға алынған батыл бастаманы қолдау мақсатында Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында жалпы білім беру қызметкерлерінің аудандық ХХІ спартакиадасы басталды.

Беттер