Жаңалықтар

13.02.2017
АУДАН БАСШЫСЫ А.БЕРДАЛИН ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГНЕ БАРЫП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Кезекті жексенбідегі іс сапарын Тассай ауылдық округіне арнаған аудан әкімі А.Бердалин Көкбекті елді-мекенінде және Тассай ауылдық округінде халықпен кездесті. Мұндағы жұрттың жағдайын көрген А.Бердалин кездесу барысында кооператив құру, шаруашылықты дамыту, мемлекеттік жеңілдіктер хақында баяндады. Сондай-ақ Көкбектідегі кездесу соңында Егізбай Тілегенұлы жеке сұрақпен аудан басшысына жолықты.
13.02.2017
АУДАН ӘКІМІ А.БЕРДАЛИННІҢ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН АРАЛАУ САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан басшысы А.Бердалин бүгінгі сапарында Абай ауылдық округіне қарасты «Өрлеу», «Азамат», «Тұлпар» шаруа қожалықтарының қал-жағдайын біліп, мал күйін көзімен көрді. Алғашқы сапарын «Өрлеу» шаруа қожалығынан бастады. Бірақ, аты «Өрлеу» деп дүркіреген шаруашылықтың заты сай болмай шықты. Малшылары құрылысы толық бітпеген сарайда, өте төмен деңгейде күнелтіп жатыр. Ондағы жұмыскер жұрттың тұрып жатқан жатағын көргенде А.Бердалин былай деді:
11.02.2017
АУДАН ӘКІМІ А.БЕРДАЛИН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БІЛУГЕ АРНАЙЫ БАРДЫ

Қаңтардың қытымыр аязына қарамастан аудан басшысы А.Бердалин Аққұдық, Көктөбе, Көктау ауылдық округтеріне қарасты «Кәусар», «Ерұлан», «Темирлан», «Луч», «Мамыт» шаруа қожалықтарына барып, жай-күйін өз көзімен көрді.
- Біздің мақсатымыз сіздердің жағдайларыңызды біліп, малдың қысқы күйін көзімізбен көріп, жем-шөбі жетпей жатса ертерек көмек көрсету үшін арнайы келдік, - деді аудан басшысы шаруа қожалықтарымен кездесуінде.
10.02.2017
ХРОМТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӘКІМШІЛІК АУМАҚТАРДЫҢ ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ

Бүгін №4 Хромтау орта мектебінде Хромтау қаласы бойынша №1 және №2 Әкімшілік аумақтардың Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанттары Нұржан Рсалин мен Дидар Сүтемген халық алдындағы есебін берді. Оған полиция майоры Айбат Абиев қатысты. Хромтау қаласы бойынша №1 Әкімшілік аумақтың Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұржан Рсалин халық алдындағы есебінде:
09.02.2017
ХРОМТАУ АУДАНЫНА ӨҢІР БАСШЫСЫ Б.САПАРБАЕВ АРАНАЙЫ КЕЛДІ

Хромтау ауданына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «Ақтөбе облысы КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Түрікпенбай Айжарықов келді.
Алғашқы басқосуын «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-де өткізді.
- Өткен жылдан бері жылдық қорытынды бойынша үлкен компанияларда кездесулер өткізіп жүрміз.
08.02.2017
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

Зейнет жасына қалған адамдар зейнетке шығып қойған зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.
Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?
Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
08.02.2017
Чехия ЭКСПО -2017 көрмесінде озат технологияларын ұсынады

Бүгін Чехия Республикасы Парламенті депутаттарының делегациясы ЭКСПО-2017 нысандары мен ұйымдастыру кеңсесін көріп шықты. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО -2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Чехия Депутаттар Палатасының Төрағасы Ян Гамачекпен кездесті. Кездесу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты сұрақтарды талқылады. Ахметжан Есімов, өз кезегінде, бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысатындығын ресми растап, павильондарды беру ауқымы белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Соның ішінде 18 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыптық безендіруге кірісті.
08.02.2017
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ №3 ҮЙ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЫНА ЕНДІ

Абай даңғылы №3 үйдің тұрғындары аудан басшысы А.Бердалинге «- үй төбесіндегі жұмсақ жабындының тозығы жетіп, пәтерлерінің ішіне су ағатындығын» айтқан болатын. Аудан әкімі А.Бердалиннің тапсырмасымен ақпан айының жетінші жұлдызында қала әкімі А.Нұртазиннің, Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Қ.Қасымовтың және Хромтау Тазалық директоры А.Курманбаевтың қатысуымен Абай даңғылы №3 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
08.02.2017
ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін, №4 Хромтау орта мектебінің мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і жас мамандармен кездесу өткізді. Жастар арасында Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған үндеуі мен биылғы жолдауын түсіндіріп, насихаттады. Еркін өткен кездесуде жастар өз ойлары мен ұсыныстарын ашық білдірді. Үндеу мен биылғы жолдаудан хабардар жастар Елбасының жүргізіп жатқан саясатын қолдайтындықтарын білдірді. Әсіресе тероризмге қарсы күрес, үш тілді меңгеру мәселелері бойынша өз ойларын еркін жеткізді.
08.02.2017
ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ МЕН БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫН ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Хромтау ауданына Қазақстан Республикасы Парламентті Сенатының депутаты Марат Тагимов арнайы іс сапармен келіп, аудандық прокротура мен аудандық сотта бас қосу өткізді. Әрі қарай Ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесуін жалғастырды. Сонымен қатар Бөгетсай ауылдық округне барып халықпен кездесті. Аудан басшысы А.Бердалин: - Қазақстан Республикасының Призеденті биылғы жолдауын 31-ші қаңтарда жолдаған болатын. Елбасы үндеуі мен жолдауын түсіндіруге бүкіл Қазақстан бойынша Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары халық арасына шығып, ел аралап жүр.
08.02.2017
Сегодня, из города Астаны в город Хромтау прибыл депутат Сената Парламента Республики Казахстан М.Тагимов.

Цель приезда М.Мрзагалиевича – разьяснение Обращения и Послание главы государства населению Хромтауского района. Депутат просетил Районную Прокуратуру и Суд. Провел встречу с полным составом РОВД города Хромтау.
После чего депутат Сената направился в сельский округ Богетсай, где встретился с жителями села. На встрече депутат М.Тагимов, разьяснял богетсайцам о Послании и Обращении Президента Казахстан.
07.02.2017
ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІС ЖӘНЕ АБАЙ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ САЛҚЫН СУ ҚҰБЫРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Хромтау қаласындағы Жеңіс және Абай көшелерінің қиылысындағы салқын су құбырын жөндеу жұмыстары бойынша қала әкімі Асқар Нұртазин Хромтау ауданының баспасөз қызметіне сұхбат берді. Ақпан айының өткен сенбісінде Хромтау қаласындағы Жеңіс және Абай көшелері қиылысында салқын су құбыры жарылып, салдарынан Абай және Есет батыр көшелеріндегі көппәтерлі үйлер ауыз сусыз қалған болатын. Көпқабатты үйлердің тұрғындарының ауыз сусыз қалғанын ескеріп,
07.02.2017
УНИВЕРСИАДА 2017

Алматыда өтіп жатқан XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңында Универсиада – 2017 кеңінен насихаттау, жастардың қысқы спорт түрлеріне қызығушылықтарын ояту мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында шаңғы жарысы өтті. Аталмыш шараға қатысқан командалар жүлделі орындар алып, сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ №6 Хромтау гимназиясы шаңғыдан шеберліктерін көрсетіп бірінші орынға ие болса,№3 Хромтау орта мектебіде қалыс қалмай екінші орынды иемденді.
07.02.2017
ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮНДЕУІ МЕН БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Хромтау ауданына арнайы іс сапармен Қазақстан Республикасы Парламентті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Артур Платонов пен Ақтөбе обылысы әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов келді. Аудан басшысы А.Бердалиннің қатысуымен алғашқы басқосуды Тәуелсіз Қазақстанның 10-жылдығы атындағы кен орнында кеншілермен кездесуден бастады. Одан кейін Кеншілер мәдениет үйінде халықпен кездесіп,
07.02.2017
МЕНІҢ ТІЛІМ – МӘҢГІЛІК ТІЛ

Хромтау тау-кен техникалық колледжі мен Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығының біріккен «Ұлы дала ұландарының ұлылығы - қазақ тілінде» атты авторлық жобасы аясында Хромтау тау-кен техникалық колледжінде «Менің тілім – мәңгілік тіл» қоғамдық дәрісі өтті. Қоғамдық дәріске жиналған колледж студенттері мен мектеп оқушылары қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы өз ойларын еркін айтып, қазақ тілі тарихына терең бойлап, тың ақпараттар алды.

Беттер