Аймақтың даму бағдарламасы

Хромтау қаласының дамуы жөнінде ақпарат
Совет Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасында қалақұраущы
кәсіпорындардың іс-әрекеттерінен толығымен бағынышты, жоспарлы экономика кезінде құрылған бір салалы елді мекендер қалды.
Нарықтық экономикаға ауысу тұсында бір салалы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелері өткір байқалды.
Осыған сәйкес, Үкіметпен 2012-2020 жылдарға арналған бір салалы қалаларды дамыту Бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаға сәйкес, бірсалалы қала – бұл қала өнеркәсіп өндірісі және еңбекке жарамды тұрғындары (20% немесе жоғары) бір немесе бірнеше қалақұраушы мекемелерде, бір салалы немесе шикізат өндіру бағытында шоғырлануы.
Бағдарламаның белгіленген шарттарына байланысты, Республикада 27 бір салалы қала белгіленді, соның ішінде Хромтау қаласы, бірсалалы жоғары сатыда дамыған.
Осыған байланысты «Хромтау қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары» әзірленіп, облыстық маслихаттың сессиясында 2012 жылы 17 қазан айында №68 шешімімен бекітілді.
2012 жылы Хромтау қаласын дамыту мақсатында, бағдарламаға сәйкес, республикалық бюджеттен 96,8 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. Үстіміздегі жылға 3-үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып, толығымен жүргізілді:
1. Балалар ойнайтын алаңды аулаға орнату;
2. Хромтау аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолының көше жағын жарықтандыру.
3. Хромтау қаласындағы саябақты абаттандыру және көгалдандыру.
Көлемі 7200 м2 аула алаңына орнатылған балалар ойнайтын алаңға 72 орындықтар және қоқыс салғыштар, 18 данадан әткеншектер, каруселдер, таушалар, құм алаңы және саңырауқұлақшалар орнатылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, балдардың бос уақытын ұйымдастыру жақсарды.
Хромтау аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолының көше жағын жарықтандыру сәтінде 115 бағана, 112 шамдар орналастыру жұмыстары жүргізілді.
Хромтау қаласындағы саябақты абаттандыру және көгалдандыру кезеңінде, қаралған жоспар бойынша жазғы сахна, су бұрқақтар, 80 декоративті жарық шамдар, ту қондырғы орнықтырылды.
Және де №2 Хромтау мектеп гимназиясының және мектептен тыс білім беру Орталығының жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары 20,0 млн.теңге көлемінде жүргізілді.
Қаланың инженерлік инфрақұрылымдарының дамуына 2013 жылға 13 іс шаралар қаралды,барлығы 1,0 млрд.теңге көлемінде.
1.Хромтауқ. «№22 квартал» тұрғын үй массивын электр энергиясымен жабдықтау ішкі кварталдық инженерлік желілердің құрылысы-164,4 млн.теңге;
2. Қала ішілік жолдар құрылысы мен оларды қайта салу – 205,3 млн.тенге ;
3. Хромтау қ. ішкі қалалық автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізу-23,2 млн.теңге ;
4. Хромтау қ. әлеуметтік сала объектілерінің жылыту жүйелеріне күрделі
жөндеу жұмыстарын жүргізу- 50,0 млн.теңге;
5. Хромтау қ. көпқабатты үйлердің аулаларын жайластыру – 20,0 млн.теңге;
6. Хромтау қаласының бас жоспарын құрастыру - 52,1 млн.теңге;
7. «Қол жетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы бойынша салынып жатқан
үйлерге инженерлік желілердің құрылысы – 77,8 млн.теңге ;
8. Хромтау қаласы орталық көшелерінің жарықтандыру жүйелерін қайта
жарақтау -20,0 млн.теңге;
9. №4 ОТК (оқытып-тәрбиелеу кешені) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу-
- 76,6 млн.теңге ;
10. Хромтау қ. денсаулық сақтау объектілерін материалдық-техникалық
жабдықтау – 194,6 млн.теңге;
11.Хромтау қаласында жалдамалы үйлердің құрылысы (1050 шаршы м.)-
28,0 млн.теңге;
12. 25 кондоминиум объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу –
-100,0 млн.теңге;
13. Хромтау қ. жедел басқару Орталығының ғимаратына күрделі жөндеу
жұмыстарын жүргізу -10,0 млн.теңге;
Қаралған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні жобалы-сметалық құжаттары дайындалуда.
Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру жұмыстары, біріншіден, 3 «зәкірлік» инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы арқылы жүргізіледі.
2013 жылдан бастап, «Ақтөбе нан өнімдерінің комбинаты» ЖШС-мен 110 тұрақты жұмыс орындарының ашылуы көзделетін макарон фабрикасының құрылысы мен кеңейтілуі (макарон фабрикасы, кондитерский цех, нан өнімдерінің зауыты) жоспарлануда. Қаржыландыру өз қаражаттары және қаржы алу арқылы жүргізіледі.
Бұдан басқа 500 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделетін, инновациялық технологияларды пайдалана отырып жоғары көміртекті феррохром өндіретін ферросплавтық зауытының құрылысы, жобаның жүзеге асырылуы 2019 жылға дейін, 107,0 млн.теңге жалпы инвестициялық көлеммен жоспарлануда. «Керамика» АҚ кәсіпорнында жобалық қуаты жылына 100,0 мың дана, 2,5 млрд.теңге инвестициялық жалпы құнымен санфаянс бұйымдарын шығаратын,
зауыттың құрылысы жоспарлануда.
Бүгінгі күні жоғарда аталған іс шаралар бойынша дапйындық жұмыстары жүргізілуде.
Бірсалалы қаланың экономикасын әртараптандыру шешіміне келгенде, кешенді жоспарда ұлттық холдингтердің белсенді қатысуы қаралған.
Бүгінгі күні «Керамика» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ҰАҚ» АҚ мен Қандыағаш қаласындағы балалар үйіне көлемі 2000 шаршы метр 6 түрлі керамикалық тақтайшалар жеткізуге меморандумға қол қою мақсатында келісім сөз жүргізілуде.
Әртараптандырудың бір маңызды механизмі, қала құраушы кәсіпорынның қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы. Дөң тау кен байыту комбинатымен аутсорсинг механизмін пайдалана отырып сыртқы ортаға бірнеше қосалқы өндірістік және қызмет көрсету функцияларын беруі. Мекемемен кәзіргі уақытта тамақтану цехы жеке фирма «Фудсервис +» ЖШС өтті. Алдыңғы уақытта аумақты тазалау, ет және сүт өңдейтін «Агрофирма» цехтарын тапсыру жоспарлануда. Қала құраушы мекемемен жүргізілген жұмыс, кіші және орта бизнестің дамуына оң ықпалын көрсетуде.
Кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында, 2013 жылдан бастап, кешенді жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда:
1. Инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуы. Бір салалы қаланы дамыту Бағдарламасы бойынша 31,0 млн.теңге қаралды.
2. Кәсіпкерлікке оқыту мақсатында шағын несие беру. Бір салалы қаланы дамыту Бағдарламасы бойынша 42,5 млн.теңге қаралды.
3. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Орталық құру. «Даму» КДҚ» акционерлік қоғамымен бірігіп жұмыс жүргізілуде, Орталық ашуға арналған бөлме белгіленді.
4. Бизнес инкубатор құру. Бүгінгі күні талапқа сай келетін жалға берілетін ғимарат табу жұмыстары жүргізілуде.
5. Қалақұраушы кәсіпорынмен партнерлық бағдарламаны жүзеге асыру.
Осы жағдайда қалақұраушы кәсіпорынмен және басқа мекемелермен
түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бірсалалы қаланың әрі қарай дамуы, қалақұраушы кәсіпорынның және басқа да шаруашылық субъектілерінің кадрмен қамтылуына байланысты болады.
Осыған орай Кешенді жоспарда жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқытып және өз бетімен әрекет еткен адамдарды жұмысқа орналастыру қарастырылған.
2013 жылы кәсіптік дайындықтан және қайта дайындықтан өтуге 20 адамнан қамтылады. Және де мақсатты топтағы халықтың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету жоспарлануда. 97 әлеуметтік жұмыс орны ашылады және 47 адам жастар тәжрибесінен өтуге жіберіледі.
Осы мақсатта барлығы 32,7 млн.теңге қаралды.