Хромтау ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» № 88-V Заңының 26,27 баптарына, 11 бабының 12 тармақшасына және аудан әкімінің бекіткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау кестесіне сәйкес қараша айында:«Хромтау қала әкімі аппараты»,«Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Хромтау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі», «Хромтау аудандық жер қатынастары бөлімі», «Хромтау аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-рі бойынша жүргізілді.Тексеріс барысында ішкі бақылау жиі жүргізілмегені, БАҚқа мәлімет жиі берілмегендігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалмағандығы, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың тұрақты жұмыс орны (кабинеті, үстелі) жоқтығы анықталды.
Тексеріс нәтижесі бойынша ұсыныстар:
1. мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру;
2. ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру;
3. көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу;
4. мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу;
5. мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету;
6. электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру;
7. «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу;
8. мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
9. Хромтауауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.