СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТТАРЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТТАРЫ
1. Жалпы ережелері
1. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (әрі қарай - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) 2015 жылы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әзірлеу әдістемелік нұсқамасына сәйкес қоғамдық қатынастардың оқшауланған салалары үшін облыс әкімі аппаратында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерде тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлық қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтап, олардың жағымсыз салдарын болдырмау мақсатында әзірленген.
2.Қоғамдық қатынастардың салалары:
- ақпараттық - талдау
- ұйымдастыру - құқықтық
- Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін материалдық техникалық қамтамасыз ету.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Хромтау ауданының әкімі аппараты қоғамдық қатынастардың оқшауланған салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу бойынша ұсыным ретінде әзірленген.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудағы қоғамдық қатынастар саласында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы (іс-әрекет):
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
6) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
7) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
8) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
9) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеуге.
3. Өз құзыреті шегінде басқару және басқа да шешімдерді дайындау және қабылдау барысындағы ұсынымдар:
1) қызмет атқару барысында пайда болған мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа, сый ақы алуға итермелеу жағдайлары туралы мемлекеттік мекеме басшысына немесе тікелей басшыға баяндауға;
2) лауазымдық міндеттерді атқару барысында жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау;
3) қалыптасқан қарым-қатынастарды бұзып, қызметтестер мен басшылардың әділетсіз шешім қабылдауына жол беруі мүмкін, заңсыз өтініш айтудан аулақ болу;
4) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық бұзушылық жасауға итермелемеу және ынталандырмау;
5) қызметтестерге, басшыларға немесе басқа да лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеу, қызмет бабын пайдаланып мүліктік пайда табу игіліктер мен артықшылықтарды иелену мақсатында қызметтен тыс қызмет көрсетуге жол бермеу;
6) қызмет атқарумен байланысты сыйлықтар қабылдамау;
7) мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және басқа да ақпараттарды пайдаланбау;
8) жақы туысқандарына (ата-анасы, жұбайлары, аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары) бағынышта немесе бақылауында болатын лауазымдарға тағайындалудан бас тарту;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтауда белсенділік таныту;
10) белгілі болған сыбайлас жемқорлық және құжаттарды тез қарау үшін немесе қаралуын созбалаңдыққа салу үшін қандай да бір игіліктерді иемденуге итермелеу фактілері туралы басшыларға кідіртпей баяндау;
11) орындауға қабылдаған өкімдердің заңдылығы күмән туғызатын жағдайда тікелей басшыға кідіртпей баяндау;
12) тікелей басшының мүдделер қақтығысы болған жағдайда жоғары тұрған басшыға жүгіну;
13) жоғары құқықтықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын қолдау және қызметтестерден талап ету;
14) мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлықтың және олардың салдарының орын алу себептері мен салдарын жоюға тұрақты түрде шара көру;
15) кімге де болсын кәсіпкерлікпен немесе басқа да табыс табатын қызметпен айналысуға қолдау көрсетуден тартыну;
16) үшінші жақтың мүддесіне немесе солардың атынан іс-әрекеттер жасаудан тартыну;
4. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер алумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды тұлғаларға берілетін ұсынымдар:
1) Мемлекеттік сатып алуға көзделген қаражаттарды үнемді және оңтайлы жарату;
2) Заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірдей мүмкіншіктер жасауға;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында шыни бәсекелестікті қалыптьастыру;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
5) отандық өнім өндірушілер, отындық жұмыс берушілер мен қызмет көрсетушілергеге, халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шекте қолдау көрсету;
6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
7) әлеуетті өнім берушінің өнім берушіні анықтау жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар уәкілдік берілген өкілінің немесе тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілінің жақын туыстарының, жұбайының немесе жекжаттарының өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу;
8) атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттері және борышкерлердің біріңғай реестріне енгізілген әлеуетті өнім берушілерді немесе олармен тартылған қосалқы мердігерлерді (қосалқы орындаушыларды) мемлекеттік сатып алуға қатысуға жол берілмеуін;
5. Басшымен, персоналды басқару қызметінмен, басқа лауазымды тұлғалармен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері мен жұмысшыларын іріктеу және орналастыру барысындағы ұсынымдар:
1) қызметкерлерді жоғары тұрған қызметке тағайындау барысында олардың кадр резервінде болуына көңіл аудару;
2) меритократия, қағидасын басшылыққа алу;
3) қызметке тағайындау кезінде белгіленген қызметке тағайындау мерзімдерін сақтау және сақталуына бақылау жүргізу;
4) облыс әкімі аппаратына қызметтке (жұмысқа) қабылдау барысында негізгі міндеттерін және лауазымды адамдарға белгіленген тиымдар мен шектеулерді түсіндіру;
5) кадрды іріктеу кезінде ҚР Заннамасының талаптарын сақтау;
6) мемлекеттік қызметкерлердің персоналды мәліметтерінің негізсіз таралуына жол бермеу;
7) облыс әкімі аппаратына қызметке (жұмысқа) орналасуға үміткерлерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
8) облыс әкімшілігі мен облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеруді объективті және жан-жақты жүргізу;
9) қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан лауазымды тұлғаларға қандай да бір жеке сипаттағы қызмет көрсетуді талап ету немесе өтініш айтуға жол бермеу;
6. Нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау барысындағы ұсынымдар:
1) нормативтік-құқықтық актілер жобасын дайындау және талқылау барысында қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің акредитация алған бірлестіктерінің өкілдерін міндетті түрде қатыстыру;
3) әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді құзырлы мемлекеттік органдарға келісімге жолдау алдын қоғамдық талқылау жүргізу үшін ашық нормативтік - құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобасын оларды сараптау кеңесінде талқылау алдын міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарда жариялау;
5) нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын туғызатын, құқықбұзушылық үшін баламалы санкциялары бар нормаларды қолданбау;
7. Тіршілік әрекетінің салаларының ерекшеліктеріне байланысты басқа да елеулі қоғамдық қатынастардағы ұсынымдар:
1) кадрларды туысқандыққа, жерлестікке, жеке сенімділікке байланысты іріктеуге жол бермеу, меритократия қағидасының сақталуын қамтамасыз ету;
2) қарамағындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен мақсаттарының шеңберін анық, нақты белгілеу;
3) қарамағындағы қызметкерлер арасында міндеттер мен жүктемелердің біркелкі белгіленбеуіне жол бермеу;
4) қарамағындағы қызметкерлер еңбегін бағалауда, марапаттау мен шаралар көруде әділдік пен айқындықты қамтамасыз ету;
5) анық заңға қайшы, лауазымдық міндеттер шеңберінен шығатын, орындалуы мүмкін емес тапсырмаларды бермеу;
6) қызмет бабын қарамағындағы қызметкерлердің қызметке қатысы жоқ мәселелерді шешуге итермелеуге пайдалануға жол бермеу;
7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға итермелеуге жол бермеу;
8) қарамағындағы қызметкерлер, басқа да қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының бұзылуына жол бермеу және тиым салу;
9) әріптестердің қызмет атқаруы барысында пайда болған мүдделер қақтығысын реттеп жоюға мерзімінде толық шаралар көру;
10) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға толық шара көру;
11) Жалпы және қарамағындағы қызметкерлермен сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;
12) Жоғары немесе төмен тұрған, басқа да қызмет бабында (жұмыс барысында) бағынышты лауазым иелерімен ақшаға немесе басқа да мүліктік сипаттағы құмарлық ойындар ойнауға қатыспау;
13) басқа қызметкерлерді, соның ішінде қарамағындағы қызметкерлерді қызметіне қатысты емес жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеу;
8. Басқа да шектеулер мен тиымдар:
1) Егерде мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы белгілі болған жағдайда, ол бұндай құқықбұзушылықтың алдын алунемесе тоқтату шараларын қабылдауы қажет, соның ішінде кідіртпей тікелей басшысыны, өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті;
2) Мемлекеттік қызметші оны басқа біреу сыбайлас жемқорлыққұқықбұзушылыққа итермелеген жағдайда аталған басшылар мен органдарға тез арада жазбаша хабарлауға міндетті;
3) Кәсіпкерлікпен айналысуға, өзге де мемлекеттік функцияларды атқарумен сиымсыз қызметпен айналысуға;
4) жеке және заңды тұлғалардан атқарып отырған қызметіне байланысты сыйлықтар алуға;
5) қызметтік өкілеттілігін, сонымен байланысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табуға қолдануға.
Егер де Сізсыбайласжемқорлық көріністеріменжәне сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда, онда келесідей әрекет етуге құқығыныз бар:
1) Өтініш жазу және Маресьев көшесі 93 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 030019 индексі бойынша пошталық мекен-жайына жіберу,72-83-36 немесе 72-83-31 телефондарына қоңырау шалу;
2) Өтініш жазу және Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9, 11 кабинеті мекен-жайы бойынша орналасқан «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалар өтініштеріне арналған жәшігіне салу;
3) Өтініш жазу және «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ пошталық мекен-жайына жіберу, индекс 031100, мекен-жайы Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9;
4) Өтініш жазу және «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ hromtau-akimat@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберу
5) «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ 21-933 нөмері бойынша сенім телефонына хабарласу