Хабарландырулар

Хромтау ауданы, қаласы әкімі аппараттарының, аудандық бөлімдерінің, ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (14.04.2017 г)
«Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ, 031100, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9, анықтама үшін телефоны: 8(71336)21933, факс: 8(71336)21933, e-mail: hromtau-akimat@mail.ru, мемлекттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысының орынбасары санаты E-R-2, 1бірлік (№ 01-1).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127 421 теңгеден 172 394 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауданда мал шаруашылығы мал басы туралы есебін, мал басын қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу. Ірі және орта өндірістің, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың жұмысы туралы ақпараттарды жинастыру және талдау. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Мал сою алаңдарында қайта өңделген өнімдер туралы ақпараттар тапсыру. Ауыл шаруашылығы мал басын аналитикалық ақпараттар жүйесіне енгізеді. Мал шаруашылығының, егістік алаңдардың құрылымдарын жетілдіру, азық түлік базаларын бекіту шараларын жүзеге асырады, әзірлейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді және сатуды ұйымдастырады, бәсекеге қарсы тұратын өнімдерді шығару технологиясын өндіріске ендіруге көмектеседі. Аудан көлемінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге бөлінген субсидияларды төлеуді ұйымдастырады, қадағалайды, бақылайды. Мал сою алаңдарында қайта өңделген өнімдер туралы ақпараттар тапсыру. Мал басын ұрықтандыруды ұйымдастырады, бақылау жұмыстарын атқарады. Бөлімнің қызметін құжаттандыруды, мемлекеттік рәміздердермен қамтамасыз ету. Балық шаруашылығы жұмыстарын жүргізеді.Бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Жұмысты ұйымдастыру, болжау, жоспарлау қабілеті, ақпараттық талдау жұмыстарының әдістік меңгеруі қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары ауылшаруашылық, ветеринариялық білім.
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Қазақстан Республикасының Конституциясын , «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
«Никельтау ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы санаты E-G-3, 1 бірлік (№ 02-2). (уақытша бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жұмысты жоспарлап, болжай, талдау жасай білу қабілеті, іс жүргізу негіздерін білу, азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша нотариалды әрекеттерді жасай білу. Аудан әкімдігімен, аудандық мекемелермен тығыз қатынаста жұмыс жүргізу. Компьютермен жұмыс жасай білу, әкім аппаратының жұмысын ұйымдастыру, ауыл әкімі өкімдерін, шешімдерін, жоғары тұрған органдардың актілерін орындауды бақылау азаматтық хал актілерін тіркеуге көмек көрсету, АҚ және ТЖ сұрақтарымен жұмыс жасау. Статистика және басқа бөлімдерге есеп дайындау. Сайлау жұмыстарын ұйымдастырып және сайлауға қатысушылар тізімін жасақтайды. «Никельтау ауылы әкімінің аппараты жөніндегі Ережеге» сәйкес әкімнің басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: Жоғары экономикалық, гуманитарлық, педагогикалық ауылшаруашылық, заңгерлік, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономикалық, гуманитарлық, педагогикалық ауылшаруашылық, заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын , «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.