АУДАН БАСШЫСЫ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» ММ-НІҢ БАСШЫСЫ СӘКЕН ЕЛДЕСОВТЫҢ ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Хромтау аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманғали Бердалин «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Сәкен Елдесовтың тоқсандық есебін тыңдап, талқылады.
- Биыл кешенді жоспармен 1391 адам қамтылуы тиіс. 2016 жылы бұл көрсеткіш 847 адамды құраса, іс жүзінде 983 адам қамтылды. 1391 адамның ішінде 129 адам мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылады. Ал мемлекеттік қолдау шараларынсыз 656 адам жұмысқа орналастырылуы тиіс. Сондай-ақ, нәтижелі және жаппай жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 211 адамды жұмыспен қамту көзделсе, аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында 380 адам жұмысқа орналастырылады деп күтілуде, - деген «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Сәкен Елдесовке « - 3 ай өтті. Жұмысты қағазбен емес іспен жасау керек», - деген аудан басшысы қала әкімі Асқар Нұртазинді көтеріп, бұл мәліметтен хабарсыз екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі Аманғали Бердалин құр жиналыстан ештеңе шықпайтындығын жеткізіп, орынбасарлары мен бөлім басшыларына ауылдарға барып халықпен кездескенде жұмыстың ілгері басатындығын айтып, тапсырмалар жүктеді. Ауылдық округ әкімдеріне қаржыны қарқынды игеріп, есеп беруде халық алдында берген уәделерін орындауды тапсырды.