ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ – ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Хромтау аудан әкімі Аманғали Бердалин бекіткен діни мәселелерді түсіндіру бойынша Хромтау аудандық ақпарат – насихат тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Хромтау қаласының мектептерінде, оқушылар арасында діни мәселелер жөнінде ақпараттық – түсіндіру жұмыстары, ауданымыздың бас имамы Әли Алматтың және «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ- нің бас маманы, теолог Нұрсұлтан Жаншиннің қатысуымен жүргізілді. Атап айтсақ, №5 Хромтау гимназиясы мен №4 Хромтау орта мектебінде «Дін – тәрбие діңгегі» және №3 Хромтау орта мектебінде «Ислам тыныштық пен бірлікті насихаттайтын дін» тақырыптарында 10 – 11 – сынып оқушылары арасында кездесулер өтті. Ауданымыздың бас имамы Әли Алмат пен «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ- нің бас маманы, теолог Нұрсұлтан Жаншин кездесу барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіп, сұрақтарына жауап беріп, ой бөлісті. Қазіргі таңда, елімізде жат ағымдардың үгіт – насихат жұмыстарын қарқынды жүзеге асырып жатқанын айтып, оқушыларды сол теріс пиғылдағы дәстүрлі емес жат ағымдар жетегіне еріп кетпеуге шақырды. Сонымен қатар, жастардың көп уақытын әлеуметтік желілерде өткізетіндіктерін алға тартып, көптеген жастардың әлеуметтік желілер арқылы дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына қосылып кетіп жатқандықтарын жеткізіп, әлеуметтік желілердегі діни ақпараттандыратын парақшалардан сақ болуларын шегеледі. Сондай-ақ, ауданымыздың бас имамы Әли Алмат оқушыларға өмірден алынған мысалдар келтіріп, жастардың жат ағымдарға қосылмай, діни сауатты тұлға болып қалыптасуларын қадап айтты. Ата-ананың кадірін жас ұрпақ санасына сіңіре отырып, ата-ананың отбасында атқаратын рөлі мен маңызын ескертіп, ата-аналарын сыйлауды, құрметтеуді жетелі адамның санасына жетерліктей етіп, жастарға түсіндірді.