МКҚК №8 «ТҰЛПАР» БӨБЕКЖАЙ – БАЛАБАҚШАСЫНДА «ҚҰСТАР БІЗДІҢ – ДОСЫМЫЗ!» ТАҚЫРЫБЫНДА АПТАЛЫҚ ӨТТІ

Хромтау қаласының МКҚК №8 бөбекжай – балабақшасында «Құстар біздің - досымыз!» тақырыбында апталық өтті. Өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізді жергілікті жердің құстарымен таныстырып, құстарды күтіп-баптауға, аялауға, мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға үйрете отырып, бүлдіршіндердің тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтып, мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және қоршаған ортаға деген білімдерін жетілдіру мақсатында өткізілген апталықта бүлдіршіндер құстар туралы білімдерін толықтырды.
МКҚК №8 «Тұлпар» бөбекжай - балабақшасында ұйымдастырылған «Құстар біздің – досымыз!» апталығы, «Құстарды біз аялайық» атты ертеңгілігімен ашылып, «Құстар келді өлкеме», «Дос болайық құстармен», «Ән шырқайды құстар» атты ертеңгіліктерге жалғасты. Аталған тақырыптар аясында барлық топ тәрбиеленушілері «көктем», «құстар» тақырыбында ән орындап, би биледі. Сонымен қатар, балалар құстарға, табиғатқа қатысты мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айтты. Тосын сәт кейіпкері Жалқаубек бүлдіршіндерді құстарды аялауға, ұяларын бұзбауға, қамқорлық жасауға шақырды. Балалармен «Мысық пен торғайлар» қимылды ойындары ойнатылды. Тәрбиелік мәні зор ертеңгілік соңы «Орман дәрігер» ертегісін сахналауымен аяқталды.