№ 7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасында «Денсаулық күні» өткізілді

№ 7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасында 03.04-07.04.2017 аралығында барлық топтарда «Денсаулық күні» ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл іс-шараның мақсаты - балабақшада балалардың денсаулық жағдайын, эмоционалдық жай-күйін жақсарту, бүлдіршіндер мен педагогтерді саламатты өмір салтына тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыптастыру.
«Денсаулық күні» балалар қонаққа келген Аюмен бірге ойнап, оған жаттығудың түрлерін, сапқа тұруды үйретті. Денсаулық мықты болу үшін Аюға кедергілерден өту, доп жинау, сапқа тұру қимылдарын үйретіп, бірінің артынан бірі жүру сияқты қимылды ойындар ойнап, біраз көңіл күйлерін көтерді. Сонымен қатар, қонаққа тісі ауырған Аю келіп, балалармен бірге тіс ауырмау үшін кәмпитті көп жеуге болмайтыны туралы дәрігердің кеңестерін тыңдап, тазалыққа байланысты жұмбақтар шешіп, тазалықтың кепілі-денсаулық екенін түрлі жаттығулар жасау арқылы көрсетті. Бүлдіршіндерді ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу мақсатында балалармен «Ең шапшаң», «Кім бірінші?», «Кедергіден өту», «Секіру» «Тез адымда», «Кім епті?» сайыстары да ұйымдастырылды.
Ересек және ортаңғы топтарда балалар екі командаға бөлініп, күш пен ептілікті талап ететін «Кім мықты?», жылдамдықты анықтайтын «Доппен жүгіру», балалардың білімдері мен дүниетанымдарын тексеретін «Жұмбақты шешу», дәлдікке арналған «Дәл тигізу», «Үлкен доппен секіру», «Шарды жару», «Гүл теру» секілді балалардың қимылын арттыратын, денені шынықтыратын,көңіл күйлерін көтеретін ойындар мен тапсырмалар болды,қазылар алқасының шешімі бойынша жарыстың соңында жеңіп шыққан командаға медальдар тағылды. Қонаққа келген дәрігер Айболит балаларға көз туралы кең мағлұмат беріп ,оны кір қолмен уқалауға болмайтынын,оны ерекше күту керектігін айтып, көзге арналған жаттығулар жасатты, жалпы денсаулықты күту үшін не істеу керектігін балаларға түсіндірді. Суреттер бойынша әңгімелер жүргізіліп, балаларға дәрумендер туралы түсінік берілді. Барлық топтарға балабақша медбикелері қатысып, балаларға дәрумендер таратты.