ХРОМТАУ АУДАНЫНА С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ «ҮГІТ ПОЙЫЗЫ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН КЕЛДІ

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті «Үгіт пойызы» атты концерттік бағдарламасымен сәуір айының 4-нен бастап аудандарды аралап, кәсіптік бағдар беру мақсатында жолға шыққан болатын. Бүгін Хромтау ауданына келіп, №6 Хромтау гимназиясының мәжіліс залында жастармен кездесті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Владимир Ешпанов бастаған «Үгіт пойызы» атты концерттік бағдарламамен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің жалынды жастары мен «Алаш» тобы келді. Бұл шараға қала мектептерінің 9 – 11 – сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Университет пен колледждің жағдайы, мамандықтар туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Владимир Ешпанов жастарға кеңінен нақты ақпарат беріп, ЖОО – ның жалынды жастары мен «Алаш» тобы театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынды. «Үгіт пойызы» өз сапарын одан әрі, Әйтеке би, Қобда, Ойыл аудандарында жалғастырмақ.