Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу- басты міндет

Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері №5 Хромтау гимназиясында жұмыстар атқарылып жатыр. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарлары құрылып, бекітілді. Жоcпарға сәйкес уақытылы іс-шаралар өткізіліп отырды.
Қылмыстың алдын алудың бірден бір жолы-оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні гимназия оқушылары қосымша үйірмелермен қамтылып отыр.