ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВПЕН БЕКІТІЛГЕН «2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ПРОФИКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРДЕН БАС ТАРТЫП ЖҮРГЕН АДАМДАРДЫҢ САНЫН АЗАЙТУ» ЖОСПАРЫНЫҢ 14 ТАРМАҒЫНА СӘКЕС КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Хромтау орталық ауруханасының мәжіліс залында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бекітілген «2017 жылға арналған профилактикалық екпелерден бас тартып жүрген адамдардың санын азайту» жоспарының 14 тармағына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Сейтмағамбет Шілмановтың төрағалығымен өткен кездесуге М.Оспанов атындағы БҚММі-нің жұқпалы ауруларға қарсы кафедраның меңгерушісі, м.ғ.д. доцент Галина Жумагалиева, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы, Тастанбек Разақ, Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Мурат Мирманов, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұрат Досаналиев қатысты. Шара барысында, екпенің көптеген ауруларды алдын алу үшін пайдасы, вакцинаның құрамы және оның әсері тақырыптарында кеңінен әңгімелеген мамандар, сондай-ақ, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері слайд арқылы жұқпалы ауруларға жеке-жеке тоқталып, туберкулез, қызылша, сал ауруы, қызамық, көкжөтел, сіреспе, күл т.б жаман аурулардың алдын алу үшін сәбилерге уақытылы екпе қабылдаудың маңыздылығын түсіндірді. Екпені уақытылы қабылдаған балалардың аталмыш ауруларға шалдықпайтынын, жұқтырып алғанның өзінде бойындағы иммунитетінің арқасында тез сауығып кететіндігін ескертті. Кездесу соңында екпенің пайдасын насихаттайтын ақпараттық материалдар таратылып, мобильді топ мүшелері азаматтарды жеке қабылдады.