Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша аудандық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар арасында семинар өткізілді

Аудандық білім бөлімі мен аудандық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар басшылары мен жауапты мамандарға семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуы бағытында әдістемелік көмек ұсыну. Семинарда аудандық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесінің бас маманы Бошанова Жеңісгүл Нұрланқызы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі бақылау есептемесінің жаңа нысанын толтыру ретін түсіндіріп, сонымен қатар есептеме дәлелді, нақты, сапалы, уақытылы ұсынуға, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламентін қатаң түрде сақтап, сапалы қызмет көрсетуге сілтеме жасады. Сонымен қатар, білім бөлімінің бас маманы Калниязова Нұргүл Сисенгалиқызы өзінің сөзінде аталмыш есептеменің ай сайын уақытылы тапсырылуына баса назар аудартты. Семинар соңында қатысушылар өз көкейтесті сұрақтарына тұшымды, нақты жауап алып, әдістемелік көмек көрсетілді.