РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ОРЫНБОР ОБЛЫСЫ ДОМБАР АУДАНЫНДА ӨТКЕН ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ ҚАРСАҢЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰРУ КЕЛІСІМІНЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Достық пен одақтастықтың 25 жылдығына орай Ресей Федерациясының Орынбор облысының Домбар ауданында сәуір айының 15 – де Хромтау ауданының күні өтті. Шара барысында Хромтау ауданы әкімі Аманғали Бердалин ауданның әлеуметтік-экономикалық өсімі хақында баяндады. Домбар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөніндегі баяндамалар тыңдалғаннан кейін, Хромтау ауданы әкімі Аманғали Бердалин мен Домбар ауданының басшысы Валерий Швиндт Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімдігі мен Ресей Федерациясының Орынбор облысының Домбар ауданының әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарды құру келісіміне қол қойды. Сондай-ақ, аудан басшысы Аманғали Бердалин Домбар ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап көрді.