РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ОРЫНБОР ОБЛЫСЫ ДОМБАР АУДАНЫНДА ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІНДЕ КӨРМЕЛЕР ЖӘНЕ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ынтымақтастық пен келісімнің 25 жылдығына орай Ресей Федерациясының Орынбор облысының Домбар ауданында өткен Хромтау ауданының күндерінде көрмелер және жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ауданның кәсіпкерлері ауыл шаруашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынса, аудан оқушыларының жасаған қолөнерлері және кітапхананың құнды кітаптары көрмеге қойылды. Сонымен қатар, дамбарлықтарға жылқы, сыйыр, шошқа еттері нарық бағасынан төмен бағамен сатылды. Әсіресе жылқы етін сатып алушылар қатары көп болды. Көрме мен жәрмеңке жұрт көңілінен шығып, халықтың ілтипат алғысына бөленді.