РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ОРЫНБОР ОБЛЫСЫ ДОМБАР АУДАНЫНДА ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Бейбітшілік пен бітімгерліктің 25 жылдығы аясында Ресей Федерациясының Орынбор облысы Домбар ауданындағы Хромтау ауданының күндерінде ұлттық салт-дәстүрімізбен, ұлы дала тарихы жаңғырды. Сәні мен салтанаты келіскен киіз үйлер тігіліп, ұлттық келбетін паш ететіндей безендірілді. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық тағамдары әзірленіп, қаз қатар бой көтерген киіз үйлерде домбарлықтарға ас берілді. Дамбар ауданының зейнеткері Тұрсын Мейірманова:
- Ресей Федерациясының Орынбор облысы Домбар ауданындағы Хромтау ауданының күндерінде көріп тұрғандарыңыздай халық өте көп жиналды. Келісімге қол қойылып, көрмелер мен жәрмеңкелер, сазды бағдарлама, ұлттық тағамдар ұсынып жатқан Хромтау ауданына және аудан басшысына ризашылық ілтипатымды білдіремін. Қазақы салт-дәстүрімізбен қайта қауышып жатырмыз. Осындай игі шаралар көп бола берсін, - деді.