АҚЖАР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ӨТКІЗГЕН «ӘН МЕН ӘЗІЛ» КЕШІ

Сәір айының 13 күні Ақжар ауылдық округінің Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауыл өнерпаздары «Ән мен Әзіл» кешін Жазық елді мекенінде өткізді. Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыруды мақсат тұтқан ауыл өнерпаздары кеште халық назарына бір ән, бір әзілден ұсынып, жиылған жұртты күлкіге бөледі. Көрермендер көңілінен шыққан әзілдер «Алдараспан», «Шаншар» «Екі Езу» тиатрларынан алынды. Сондай-ақ, кеште эстрадалық әндермен қатар, Сарыалтын Бұғыбаеваның орындауында Майлықожаның «Атасы жақсы қандайды?» термесін тыңдармандар жылы лебізбен қабылдады. Ал сәуірдің 14-і күні дәл осы «Ән мен Әзіл» кеші Ақжар мәдениет үйінде өткізіліп, ақжарлықтардың көңілдерінен шықты.