«ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ «ЖАСЫЛ ЕЛ» СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ХІІІ ЖАЗҒЫ ЕҢБЕК МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Сәуір айының 14-і күні Ойыл ауданының орталығында Облыстық жастар саясаты басқармасы, «Жасыл Ел» Ақтөбе облыстық штабы және Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХІІІ жазғы еңбек маусымының ашылу салтанатына Хромтау ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қатысып, аудан атынан атаулы ағаш отырғызып, облыстық шараға үлес қосты.