ПРАВОСЛАВИЕЛІК ХРИСТИАНДАРДЫ ДӘСТҮРЛІ ПАСХА МЕРЕКЕСІМЕН АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АСҚАР ЕСЖАНОВ ЖӘНЕ ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АСҚАР НҰРТАЗИН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өткен сенбіден жексенбіге қараған түні аудан орталығындағы әулие Серафим Саровский шіркеуінде аудан әкімінің орынбасары Асқар Есжанов пен Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин православиеліқ христиандарды дәстүрлі Пасха мерекесімен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары Асқар Есжанов құттықтау сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан азаматтар үшін ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңыздылығын баса айтты.