БӨГЕТСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ НАУРЫЗ ТОЙЫ ӨТТІ

Бөгетсай ауылдық округінде өткен жексенбіде ауыл жастарының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Бөгетсайлықтар Наурыз тойын дүбірлі өтуі үшін 1 544 235 теңге қаражат жұмсады. Таңдай қаққызар тамаша тойда Аламан бәйге, тай, құнан жарыстары өткізіліп, қамбар ата төлі даланы дүбірлетсе, «Жаяу жарыс» мерекені қыздыра түсті. Сонымен қатар, Түйі палуандар белдесіп, бұқа палуандар бақ сынасты. Кір тасы мен қошқар көтеріп жігерлерін сынап көргендер де болды. Арқан тартысып білек күшінің иегерлеріде анықталды. Барлық ойындардың жеңімпаздары медальдармен және ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, бұл даланы дүркіреткен тойда 1 000 литр наурыз көже, 1 00 кг бауырсақ халыққа тегін таратылды. Осылайша бөгетсайлықтар наурыз тойын керемет қарсы алды.