ХРОМТАУ АУДАНЫНА «СЕНІМ БАҒДАРЫ» ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Дүйсенбі күні Хромтау ауданына Ақтөбе облысының прокуроры Д. Н. Сыздықов бастаған «Сенім Бағдары» жұмыс тобы арнайы іс – сапармен келді. Аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан басшысы Аманғали Бердалиннің қатысуымен Хромтау ауданы прокуроры М. К. Дәулетов, Хромтау АІІБ-нің бастығы А. С. Аманжолов, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. «Сенім Бағдары» жұмыс тобы ауданымызда аталмыш апта бойы жұмыс жүргізбек.