«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Қаһарман» қоғамдық бірлестігі су тасқынынан зардап шеккен жандарға қол ұшын беру мақсатында «Жақсылық жасай білейік» акциясын ұйымдастыруда. Сейсенбі күні жеке кәсіпкерлер, тұрғындар мен ерікті топтар және ауыл жастарының атсалысуымен жинақталған азық – түлік пен киім-кешек және тұрмыстық заттар Ақтөбе қаласына жіберілді. Бұл акция әлі жалғасуда.