ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Сәрсенбінің сәтінде Хромтау қаласы көлемінде үлкен сенбілік жұмысы жүргізілді. Барлық мекемелер мен еріктілер қала тазалығына айрықша мән беріп, қала көшелерін көктемгі қоқыстан тазалады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таба берері сөзсіз. Мәселен, Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымы жалпы қалалық сенбілікте ұжымға бекітілген Асанов көшесінің қоқысын жинап, шамамен 40-50 қапшық қоқыс шығарып, аталмыш көшенің тұрғындарымен сөйлесіп, сенбілікке тартуға тырысты. Алдағы уақытта осы көшені тазалықта ұстап, көркейтуін жалғастырмақ.