№ 7 «ЕРКЕТАЙ» БӨБЕКЖАЙ – БАЛАБАҚШАСЫНДА «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «ӘРБІР БАЛА – БІР ЖҰЛДЫЗ, ЖАРҚЫРАУЫНА КӨМЕКТЕС» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

№ 7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасында «Мейірімді жүрек» акциясы аясында инклюзивті оқытуға арналған «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес» апталығы өтті. Балабақша педагогтері мен ата-аналар арасында инклюзивті білім беру туралы мәлімет беріп, сауаттылықтарын көтеріп, инклюзивті оқытуға жататын балаларға қолдау көрсетіп, көмек беріп, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылды. Апталық барысында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Мен және менің отбасым» тақырыбында буклеттер сайысы, балабақша психологі мен логопедті «Бала-өмірдің гүлі» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг, шебер-кластар, музыка жетекшілері «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес» шығармашылық концерті өткізіліп, баланың жалпы моторикасын дамыту мақсатында қандай бой сергіту сәттерін көрсетіп, орындауға болатындығы труалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалармен «Кім мықты?» спорттық ойынын дене шынықтыру нұсқаушысы А.Құрманбаева сәтті жүргізді. Апталықтың қорытындысы ретінде өткен концертік іс-шараның мақсаты – балаларға өздерін көрсете алуға мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту, өздеріне деген сенімділік сезімдерін қалыптастыру. Іс-шараға қатысқан әрбір бала өзінің жұлдыз екенін көрсету үшін тәрбиешілердің көмегімен өздерінің бойындағы бар өнерлерін ортаға шығарып, көрсетуге тырысты. Мәселен, Булатов Мұнарлан тәрбиеші К.Мурзагуловамен бірге қояндар биін билесе, Бекарыс Досым тәрбиешісі Д.Ещановамен бірге көрермендерге сиқыр көрсетті. «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Айту Әли тәрбиешісі А.Губашевамен бірге көрермендерді өзінің «Балапан» биімен таңқалдырды. Сол сияқты, Серікбай Мерей тәрбиешісі Ү.Биржановамен бірге «Аққала» биін керемет билеп берді. «Қарлығаш» тобынан шыққан Кулова Лиана өзінің сүйіп қарайтын «Маша мен аю» мультфильмінен үзінді ретінде өзі Маша кейпінде тәрбиешісі Т.Раймбаевамен бірге биледі. ІІ кіші «Нұршуақ» тобының тәрбиеленушісі Марал Дулат тәрбиешісі Ә.Исаевамен бірге түрлі түсті бояуды қолданып, сурет салса, «Балауса» тобының тәрбиеленушісі Жайық Арсен де тәрбиешісі Д.Сейсенбаевамен бірге «Балапан» биін тамаша орындады. Сондай-ақ, «Мен және менің отбасым» буклеттер сайысының нәтижесі бойынша бас жүлдені «Мерей» тобының тәрбиеленушісі Булатов Мұнарлан, ал І орынды «Шұғыла» тобынан Серікбай Мерей мен «Қарлығаш» тобының сүйкімді аруы Кулова Лиана жеңіп алса, ІІ орын «Балапан» тобының балақайы Айту Әлиге және «Нұршуақ» тобынан Марал Дулатқа бұйырды. ІІІ орынға «Мерей» тобының тәрбиеленушісі Бекарыс Досым және «Балауса» тобынан Жайық Арсен иемденді. Аталмыш шараның жоғары деңгейде өтуіне сүбелі үлес қосқан жергілікті кәсіпкерлер мен саудагерлер демеушілік көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар таратты.