АУДАНДЫҚ ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ 9 – 11 – КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

№6 Хромтау гимназиясының 9 – 11 – класс оқушыларымен аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері: аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Нұрсұлтан Жаншин, аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әли және аудандық тарихи – өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Нұртай Жетесов кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, дәстүрлі емес көзқарастағы ағым жетегінде кетпеуге, діни сауатты интернет желісінен емес, мешіттерден алуды насихаттап, ислам дінінің тарихынан мағұлмат беріп, дәстүрлі дініміз Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабының басты ерекшеліктеріне тоқталып, дәстүрлі дініміздің мәні мен маңызын баса айтты. Сондай-ақ, оқушылардың сауалдарына тұшымды жауап берді.