ХРОМТАУ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІКТЕР УАҚТЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Хромтау ауданы аумағында сенбіліктер уақтылы жүргізіліп келеді. Хромтау қаласында апта сайын сенбіліктер өтіп, қала қоқыстан тазаруда. Әр аптаның сенбі күндері мекеме қызметкерлері өздеріне тиісті көшелерді қоқыстан тазартуға сүбелі үлес қосуда. Бұл үрдіс хромтаулықтар үшін әдетке айналған. Әр мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындарының бір кісідей атсалысқан белсенділігінің арқасында қала тазалығы қалыпқа келе бастады. Апта сайын ұйымдастырылатын сенбіліктерде саябақтар мен қала көшелерінен, жеке тұрғын үй айналасынан қап-қап қоқыстар жиналып, Хромтау қаласы қоқыстан арылуда. Аудан көлеміндегі санитарлық тазалау жұмыстары атқарушы биліктің басты назарында.