АУДАН ӘКІМІ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН АУДАН КӨЛЕМІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРҒА СЫН-ПІКІРІН БІЛДІРІП, БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ МЕН АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

№6 Хромтау гимназиясының мәжіліс залында аудан басшысы Аманғали Бердалин аудандық бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға сын-пікірін білдіріп, мемлекет қаржысын үнемдеп жұмсауды баса айтқан аудан әкімі кооперативтер өнім бермесе субсидиядан қағылатынын жеткізді. Сонымен қатар, асыл тұқымды мал ұстайтын шаруашылықтарды көбейту үшін «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» сияқты мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті шаруалардың несиелерін уақтылы рәсімдеу, тегін оқуға тілек білдірген азаматтармен жұмыс жүргізу, жұмыс орындарын ашуға берілген тапсырманы орындау, «Өрлеу» бағдарламасына қатысатын тұрғындармен жұмысты күшейту, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жүйелеуді тілге тиек еткен аудан басшысы Аманғали Бердалин бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.