«БАСТАУ» АТТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРАМА ТОПТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Хромтау аудандық әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 16 мамырда №2 Хромтау гимназиясында аудандық «Бастау» атты математикалық құрама топтық олимпиадасы 2-4 кластар арасында өтті. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды мақсат еткен олимпиадаға аудан бойынша қазақ тобынан 22 топ, орыс тобынан 7 топ қатысып, барлығы 87 оқушы сынға түсті. Олимпиада 3 кезең бойынша өткізілді. І кезең «Әу баста!» топтық жазбаша, ІІ кезең «Асық» топтық ауызша өтсе, ІІІ кезең «Бәйге» аталып, жекелей ауызша бақ сынасты. Олимпиада қортындысы бойынша бас жүлдені қазақ тобынан №3 Хромтау орта мектебнің «Бұрыштар» тобы, орыс тобынан №4 Хромтау орта мектебінің «Формула успеха» тобы иеленіп, облысқа жолдама алса, жүлделі І орынды қазақ тобынан №6 Хромтау гимназиясы иемденсе, орыс тобынан №2 Хромтау гимназиясы жеңіп алды. ІІ орынға қазақ тобынан Ақжар орта мектебі, орыс тобынан Дөң орта мектебі лайықты деп танылды. ІІІ орынды қазақ тобынан Бөгетсай мектеп гимназиясы, орыс тобынан Ақжар орта мектебі қанағат тұтты.