Аймақтық жас мемлекеттік қызметшілер слеті

Мамырдың 12-13 күндері аралығында Қызылорда облысында республика бойынша тұңғыш рет аймақтық жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті. Слетқа Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 300-ге тарта ең белсенді мемлекеттік қызметшілер қатысты. Слет аясында Қызылорда облысының тарихи-мәдени орындарымен кеңінен таныстық. Шараның екінші күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Ахметжановтың қатысуымен «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың рөлі» атты форумы ұйымдастырылып, жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мемлекеттік аппарат құрудағы рөлі, жас мемлекеттік қызметшілердің болашағы төңірегінде ашық әңгіме алаңында жастардың тарапынан сауал жолданып, қажетті жауаптарына қанық болды. Слеттің жалғасы спорттық ойындармен өрбіді. Ақтөбе облысы спорттық ойындар қорытындысы бойынша екінші орынды қанжығалады. Слеттің жабылу шарасында Ақтөбе облысының жас мамандары «ең белсенді» деген атаққа ие болды. Шарадан алған әсерім өте жоғары деңгейде және слеттің алғашқы делегаты атанғанымды мақтан тұтамын. Елімізде тұңғыш ұйымдастырылып отырған слет жастарға берер азығы мол тарихта ойып тұрып орын алатын іс-шара деп есептеймін.
Ж.Бошанова
«Хромтау ауданы әкімі аппараты» ММ-нің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін
үйлестіру бөлімінің бас маманы