ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН БАШҚҰРТ ШАХТА ҰҢҒЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҚАРАДЫ

Аудан басшысы Аманғали Бердалин мен «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Марал Бекеев және Дөң ТКБК «Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы» шахтасының басшысы Александр Ермаков башқұрт шахта ұңғылау басқармасының жұмысын қарады. Мұнда аудан әкімі Аманғали Бердалин «Шахтбау» неміс компаниясының атқарылып жатқан жұмыстарына берген оң бағасында адам қауіпсіздігіне баса назар аударған болатын. Жаңа бұрғылау әдісімен жұмыс жасап жатқан башқұрт шахта ұңғылау басқармасына «Шахтбау» компаниясын негізге ала отырып, адам қауіпсіздігін күшейтуге тапсырма берді. Сондай-ақ, «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Марал Бекеев пен аудан басшысы Аманғали Бердалин жұмыс сапасымен, өндірістегі өнім көлемі хақында әңгіме өрбітті.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі #Хромтау – Акимат#