ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДА 2 ҚОҒАМДЫҚ САУДА ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Хромтау қаласында 2 қоғамдық сауда орындары салынады. Алғашқысы №4 Хромтау орта мектебінің алдындағы көпқабатты 2 тұрғын үйдің аралығындағы жаяу жүргіншілерге арналған тратуардың жиегінде бой көтереді. Бұл тратуар қазіргі таңда күндіз көлік жүретін жолға айналса, түнгі уақыттарда авто тұрақ қызметін атқарып тұр. Негізінен бұл аумақта көлік жүруге де, көлік қоюға да болмайды. Мектеп алдындағы көлік қозғалысы оқушылар үшін қауіпті. Оқушылар қауіпсіздігін басты назарға алған аудан басшысы Аманғали Бердалиннің тапсырмасымен мектеп алдындағы көлік жолына айналған тратуар қайта қалпына келтіріліп, тек жаяу жүргіншілер жүретіндей қоршалып, қоғамдық сауда орны бой көтереді. Аумағы қоршалған, жарық тартылып, арнайы дүңгіршек орнатылатын қоғамдық сауда орындарының тазалығына жауапты адам белгіленіп, уақыттылы жұмыс жасайтын болады. Қосымша табыс көзімен күн ұзақ күн астында жүретін үлкен кісілер мен саудагерлер бұл орындарды тегін тұрып өздерінің табиғи таза сүт өнімдерін, көкініс, жеміс-жидектерін сату үшін ең бастысы орын тегін болады. Сондай-ақ, саудаланатын өнімдерді жылжымалы лаборатория тексеріп, сол жерден рұқсат береді. Қоғамдық сауда орындарында ет, балық сияқты тауарлар сатылмайды. Ал екінші қоғамдық сауда орны Жеңіс даңғылы бойынан бой көтермек. Аталмыш қоғамдық сауда орындары салынғаннан кейін суреттегідей әркім өз білгенімен жүрмейді. Көліктер аулада тұрады. Ал қосымша табыс табуды ниет еткен үлкен кісілер мен саудагерлер жағдайы жасалған таза жерлерде жұмыс жасайды.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі #Хромтау – Акимат#