АУДАН БАСШЫСЫ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС САПАРЫНДА НИКЕЛЬТАУ, ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ БАРЫП, ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРАДЫ

Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин кезекті жұмыс сапарында Никельтау, Тассай ауылдық округтеріне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды қарады. Алғаш ат басын Никельтау ауылдық округіне тіреген аудан басшысы Аманғали Бердалин егілген көшеттердің күтімі қадағаланбағандығын, ауылда әр үй өз қоршауын ретке келтіруге қатысты халықпен жұмыс жасалмай жатқандығын айтып, ауыл әкімі Нұрлан Әлмұратовқа ескерту жасады. Одан әрі Никельтау ауылдық округінің қысқы маусымға дайындығын қарады. Тассай ауылдық округінде болған аудан әкімі Аманғали Бердалин ауылда 9 айдан бері ешқандай жұмыс жасалмағандығын айтып, ауыл әкімі Ербол ӘБдіровқа бөлінген қаражатты игере алмағаны үшін ескерту жасады. Мемлекеттің қаржысын аяқасты етпей берілген қаржыны уақтылы игеруді тапсырды.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі #Хромтау – Акимат#