АУДАН БАСШЫСЫ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫҒА 2 БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Ақтөбе қалалық әкімшілік ғимаратында қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров пен қала әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мен «Восход-Oriel» ЖШС өкілдері қатысқан іс-шарада аудан әкімі Аманғали Бердалин Ақтөбе қаласында болған көктемгі су тасқынында үйі жарамсыз болып қалған Гаухар Ешмуханбетоваға салтанатты түрде 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Салтанатты рәсімде аудан басшысы Аманғали Бердалин:
– Хромтау ауданында жұмыс жасап жатқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мен «Восход-Oriel» ЖШС-не бір отбасына үлкен қуаныш сыйлап, осындай пәтер кілтін табыстауға қосқан сүбелі үлестері үшін алғысымды білдіремін. Жаңа үйіңіз бақыт пен қуанышқа толсын, – деп жүрек жарды тілегін жеткізді. Баспаналы болған Гаухар Ешмуханбетова:
– Басымызға іс түскенде қайғымызды бөлісіп, жанымыздан табылған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, жаңа пәтер сыйлаған Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалинге, қиын күндерде көмек қолын созған барша абзал азаматтарға шын жүректен алғысымды айтамын. Әрқашан осындай азаматтарымыз аман болсын, – деп, аналық алғысын айтып, қуанғаннан еріксіз көңіл босатты.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі #Хромтау – Акимат#