«САҒЫНЫШ САЗДАРЫ» АТТЫ 70 – 80 – 90 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘНДЕРДЕН АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Сарысай ауылдық клубында Хромтау аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен «Сағыныш саздары» атты 70 – 80 – 90 жылдардағы әндерден аудандық байқау өтті. Ретро әндерді еске түсірумен қатар жаңа нұсқада орындауды мақсат тұтқан ән байқауы 2 кезеннен тұрды, бірінші кезеңде 70 – 80 – 90 жылдардағы патриоттық әндер айтылса, екінші кезеңде аталмыш жылдардағы еркін тақырыптағы әндер шырқалды. Байқауға Қопа, Бөгетсай, Ақжар,Табантал, Тасөткел, Никельтау, Сарысай ауылдарының мәдениет ошақтарынан 8 үміткер бақ сынасты. Байқау төрелік еткен қазылар алқасының мүшелері Хромтау ауылдық мәдениет үйінің директоры Бибігүл Баймұратова, Хромтау аудандық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Ғани Бисенов және аудандық мәдениет үйінің концертмейстірі,жас әншісі Жазира Мырзахметова. Ән байқауында әділқазылардың шешімімен I жүлделі орынды Қопа ауылының үміткері – Наурызбай Ерболат жеңіп алса, II орынға Сарысайлық Жансая Танатарова лайық деп танылды. Ал III орынға Бөгетсай ауылынан келген үміткер Нұрсұлтан Мырзахметов ие болды. Байқауға қатысып, бақ сынасқан қатысушыларға белсене қатысқаны үшін дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.