«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ – ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ГАЗЕТ ТАҚЫРЫБЫНДА КІТАП КӨРМЕСІ ЖӘНЕ «ҚАРАҚЫПШАҚ ҚОБЫЛАНДЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ КЕШ ӨТТІ

Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі және ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алаш» партиясының (Алашорданың) құрылуының 100 жылдық мерейтойын атап өту аясында «Қазақ» газеті – қоғамдық-саяси және әдеби газет атты кітап көрмесі және аты аңызға айналған халық батыры Қобыландының 500 жылдығына арналған «Қарақыпшақ Қобыланды» атты тақырыптық кеш өтті. Ауылдық кітапханашы Гүлжазира Абдолова кітап көрмесін оқырмандарға таныстырып, «Қазақ» газетінің шығу тарихын кеңінен айтып түсіндірсе, ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин Қобыланды есімін ұлықта, оны кие тұт, баба туралы ұғымды санаға орнықтыру, батыр жайында терең ұғындыру мақсатында батырдың отаны,туған жері,елі үшін жасаған ерліктері хақында әңгіме өрбітті. «Қарақыпшақ Қобыланды» атты тақырыптық кеште Наурызбай Асылбеков, Асылзат Қалбанова, Ақнұр Орынбасар батырдың жырларынан үзінді айтып, жас әншілер ән шырқаған керемет кеш соңында қатысушылар естелік суретке түсті. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдениеттілікке баулу аясында кеш соңы жастардың би кешіне ұласты.