ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің мәжіліс залында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті, Хромтау ауданы әкімдігімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес теолог, ұстаз Талшын Қожахметова ауданның діндар әйелдері мен қыз-келіншектеріне арналған семинар-тренинг өткізді. АТТ мүшесі, теолог Талшын Қожахметованың «Зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орны», «Дінді ұстану ерекшеліктері», «Дәстүрлі діннің құндылықтары» жайында өткен семинар-тренингіне Хромтау қаласының, Ақжар және Дөң ауылдық округтерінің әйелдері мен қыз-келіншектері қатысты. АТТ мүшесі, теолог Талшын Қожахметова некені қасиетті деп қастерлеген қазақ халқы некенің сақталуына жіті мән бергендігін айта келе, исламда уақытша некеге жол берілмейтіндігін, оның бұрыс екендігін түсіндірді. Қазіргі өзекті болып тұрған «Вакцина» мәселесі де қозғалып, екпе алуға ислам дінінде ешқандай қарсы үкім айтылмағандығын ашық айтып, интернет желісінде тарап жатқан түрлі жалған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертті. Шара соңында қазіргі кезде кеңінен талқыланып жүрген қара түсті хиджаб», ниқаб, паранжаларға тоқталып, олардың барлығын дәстүрлі емес діни ағым өкілдері тағатындығын, қазақ дәстүрін жат екендігін баса айтты. Семинар-тренингке ауданнан 32-ге жуық жамағат әйелдер мен қыз-келіншектер қатысты.