АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖОЛДАС ҚАЛМАҒАНБЕТОВ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ДІНИ АХУАЛДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов Хромтау ауданында арнайы іс-сапармен келіп, діни ахуалды тұрақтандыру бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жолдас Қалмағанбетов аудан әкімінің орынбасары Сейтмағмбет Шілмановтың қабылдауында болып, діни саладағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарымен танысып, АТТ жұмысының жартыжылдық есебен тындады. Сондай-ақ, аудандық белсенді АТТ мүшелерімен кездесу ұйымдастырып, Жолдас Қалмағанбетов тарапынан АТТ жұмысының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, теолог Нұрсұлтан Жаншиннің аудандағы дәстүрлі емес діни көзқарастағы азаматтармен жүргізіп жатқан оңалту жұмыстары оң нәтиже беріп жатқандығын тілге тиек етіп, өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарып жатқандығын айтты. Сонымен бірге, аудан көлеміндегі әйел жамағаттарын жұмыспен қамтамасыз ету және оларды қоғамға бейімдеу мақсатында шәкірт ақысы бар 3 айлық қысқа мерзімді «Тігін» мамандығында оқып жатқан әйел жамағаттарына Хромтау ауданының әкімдігі тарапынан «Ансар» кеңес беру және оңалту орталығы» ҚБ тәжірибесі негізінде «Иманай» тігін цехын ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға табыс тіледі. Жолдас Қалмағанбетов Хромтау ауданында болған жұмыс сапарында аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан жүргізіліп отырған жергілікті дін мәселелері жөніндегі АТТ жұмысына оң баға беріп, аталмыш бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру қажет екендігін айтып, дін саласына жақсы көңіл бөліп, әрдайым қолдау көрсетіп отырған Хромтау ауданының әкімдігін өзге аудандарға үлгі ететіндігін жеткізді.