АСТАНА ЭКСПО-2017

2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өз есігін айқара ашқан болатын. Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік көрме ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» екендігі баршаға мәлім. Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда бастап,10 қыркүйекке дейін жалғастырады. ЭКСПО-2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Аталмыш «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық көрмеге Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин мен аудандық бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері арнайы барып, жаңашылдықты бағамдап қайтты.