ЖАҢА ӘКІМДЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2013 жылы қала және ауылдық округ әкімдері лауазымына сайланған әкімдердің мерзімді қызметтері аяқталып, жаңа сайлау өткен болатын. Депутаттардың дауыс беруімен өткен сайлауда жеңіске жетіп қала мен ауылдық округ әкімдері лауазымын иемденген азаматтар аудан әкімінің өкімімен тағайындалды. Жаңа әкімдерді аудан басшысы Аманғали Бердалин арнайы барып, халықпен таныстырып, бастамақ жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа сайлауда Хромтау қаласы әкімі лауазымына Асқар Нұртазин, Құдықсай ауылдық округі әкімі лауазымына Нүркен Хәкімжан, Қопа ауылдық округі әкімі лауазымына Нұрболат Жалтаев, Бөгетсай ауылдық округі әкімі лауазымына Сердалы Жаназаров, Абай ауылдық округі әкімі лауазымына Нұрлыбек Жұмағалиев, Дөң ауылдық округі әкімі лауазымына Елман Избастин, Табантал ауылдық округі әкімі лауазымына Ринат Сәрсенғалиев бекітілді. Аудан әкімі Аманғали Бердалиннің құттықтауынан кейін, ауыл ақсақалдарының баталарын алған жаңа әкімдер жаңа қарқынмен жұмыстарын бастады.