КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІМЕН КЕЛГЕН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ

Күздің алғашқы күнімен келген Құрбан Айт мерекесі аудан көлемінде кеңінен тойланды. Хромтау аудандық «Нұр» мешіттің алдында киіз үйлер тігіліп, Айт намазынан соң Құрбан Айт мерекесін тойлауға келген халыққа арналып дастархан жайылды. Сондай-ақ, қазақша күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, гір көтеру, асық ату, қол күрес сияқты спорт түрлері ұлықталып, спорттық ойындар мереке сәнін кіргізді. Балаларға тегін балмұздақтар мен қантты мақта таратылды. Қазақша күрес екі салмақ дәрежесінде өтті. Түйе палуан салмақ дәрежесінде бақ сынасқан палуандар арасынан І жүлделі орынды Темірлан Қуанған иемденсе, ІІ жүлделі орынды Әлібек Уәлиев жеңіп алды. Ал ІІІ жүлделі орын Әділет Әбиге бұйырды. Ал өгіз палуан салмақ дәрежесі бойынша жүлделі І орынды Ертай Жақан жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды Берді Серғали жеңіп алды. Жүлделі ІІІ орынды Марат Махманов қанағат тұтты. Гір көтеруден І орынды Нұрбол Темірғалиев, ІІ орынды Ануар Баймағамбетов, ІІІ орынды Мейірхан Дүйсенбин алса, қол күрестен І орын Азамат Айбасовқа, ІІ орын Қанат Риятовқа, ІІІ орын Мақста Исмагуловқа бұйырды. Арқан тартыстан І орынды «Күмісбек» тобы, ІІ орынды «Мұрат» тобы, ІІІ орынды «Барыс» тобы еншілесе, Асық атудан І орынды Арман Досманбетов, ІІ орынды Совет Жұмабаев, ІІІ орынды Нұртан Сағым қанжығалады. Қошқар көтеруден 3 минутта 85 рет қошқарды көтеріп Алмас Ақмурзин қошқарды иемденді. Жүлдегерлердің барлығы арнайы алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.