АУЫЛДАҒЫ АЙТ

Құрбан айт мерекесінде Бөгетсай ауылдық округінде «Ақнұр» мешітінің ұйымдастыруымен мекемелермен әр жылғы азаматтар арасында арқан тартыс және шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар мен тұрғындарды ауыл әкімі Сердалы Жаназаров жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, бөгетсайлықтарға жылы лебізін білдірді. Арқан тартыста 4 команда бақ сынасып, нәтижесінде І жүлделі орынды «Хромтау БЖСМ» иемденсе, ІІ жүлделі орын «Ақнұр» мешіті командасына бұйырды. Ал ІІІ жүлделі орынды Әкімшілік ұжымы алды. Шағын футболдан өткен жарыста теңбіл допты дәл тебе білген ауылдың 1995 жылы туылған азаматтары жүлделі І орынды жеңіп алса, жүлделі ІІ орынға 1991 жылы туылған азаматтар лайық деп танылды. Ал жүлделі ІІІ орынды «Ақнұр» мешіті қанағат тұтты. Арқан тартыс пен шағын футбол жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айт күні Бөгетсай ауылының шаруа қожалықтары және кәсіпкерлері балаларға балмұздақтар мен сусындарды тегін үлестіріп, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге ет таратты.