БӨГЕТСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бөгетсай ауылдық мектеп-гимназиясында оқушылар арасында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Мектеп-гимназия оқушыларымен өткен кездесуге АТТ мүшелері: «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы Нұрсұлтан Жаншин мен «Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Гүлзат Жақсыгулова қатысты. Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы Нұрсұлтан Жаншин жастар арасындағы дін мәселесіне кеңінен тоқталып, интернет пен әлеуметтік желілерде әр түрлі деструктивті жат діни ағымның теріс идеологиясын насихаттайтын ақпараттық материалдардан сақ болуға шақырып, интернеттегі діни ақпараттардан аса сақ болу қажет екендігін баса айтты. Ал «Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Гүлзат Жақсыгулова жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жөнінде айтып берді. Сондай-ақ, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Шара соңында ақпараттық парақшалар таратылып, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ тарапынан дайындалған «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» тақырыбыдағы бейнеролигі көрсетілді.