ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН «ШАПАҒАТ» АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Хромтау ауданында діни салада қызмет ететін «Шапағат» ақпараттық-кеңес беру орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылды. «Шапағат» ақпараттық-кеңес беру орталығы» ҚБ-нің директоры болып «Ақтөбе медресе» колледжін тәмәмдаған, ауданымыздың исламтанушы маманы Иманғали Марал Ермекбайұлы тағайындалды. Аталған орталықтың басты мақсаты аудан көлемінде кездесулер, дөңгелек үстелдер, жиналыстар, конференция, семинар және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру арқылы аудан тұрғындары соның ішінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дінаралық, ұлтаралық толеранттылықты қалыптастыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта аталған орталық тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ауданға білікті дін мамандарын тарта отырып, діни ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарлануда. «Шапағат» орталығының директоры, ислам танушы Марал Иманғали алғашқы кездесуі Бөгетсай ауылдық мектеп-гимназиясынан басталды. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен бірге ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта басқада ауылдық округтер мен елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын өткізу көзделуде.