ОЙЫЛ АУДАНЫНДА КӨКЖАР ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Ойыл ауданында әйгілі Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдық мерейтойы Ойыл ауданында 2 күн бойы тойланды. Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі мен асыл тұқымды төрт түлік көрмесі ұйымдастаырылды. Барлық аудандармен қатар Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған ауыл шаруашылық жәрмеңкесі мен асыл тұқымды төрт түлік көрмесіне Хромтау аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мұрындық болуымен аудан кәсіпкерлері өз өнімдерін жәрмеңкеде саудалап, асыл тұқымды жылқы малын көрмеде көрсетті. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жәрмеңкені аралау барысында Хромтау ауданы ұсынған өнімдерді қарап, өзінің оң бағасын берді. Аталмыш жәрмеңкеге Хромтау ауданы сүт өнімдері мен ет өнімдерінің түрлері және көкіністер ұсынған еді.